«Истоки» әдеби – поэтикалық клубы

«Истоки» әдеби – поэтикалық клубы 2014 жылы ұйымдастырылды. Клуб жұмысы бірлестік мүшелерінің бастамасымен жүзеге асырылады және әрбір қатысушының қызығушылықтары мен көзқарастарына құрметпен қарау принциптеріне негізделеді. Клуб мақсаты: әуесқой ақындарға өзін – өзі таныту және эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау және поэзия жанрын әйгілендіру.
Мерзімділігі – айына бір рет.

Телефон: 32-35-07
Абонемент бөлімі

IELTS CLUB

Клуб стандартталған тесттерге дайындық үшін ұйымдастырылған. Үш бағытта өтеді – сөйлеу, тыңдау, оқу. Клуб қатысушылары – жоғары сынып оқушылары мен студенттер. Отырыстарда сөйлеу, мәтінмен жұмыс және тыңдауға бағытталған тапсырмалар орындалады.
Әр сенбі сағат 11:00

Телефон: 32–72–87
Әлем әдебиеттері залы

CONVERSATION CLUB

Әр жексенбі сайын сағат 14.00-де Әлем әдебиеті залында ағылшын тілінің тасымалдаушысы, шетелдік мұғалім қатысуымен клуб отырыстары өтеді. Отырыстарда тарих, тіл білімі, әдебиет, мәдениет және тағы да басқа тақырыптар қамтылады.
Клубқа 14 жастан жоғары азаматтар қатыса алады.

Телефон: 32–72–87
Әлем әдебиеттері залы

«Movie Club» клубы

Әр жексенбі сайын барлық келушілерге кино клуб ұйымдастырылған. Клуб қатысушылары - оқушылар, жоғары оқу орындарының және колледждердің студенттері, әртүрлі сала мамандары. Отырыстарға қатысушылар субтитрлермен дайындалған фильмді көріп, ондағы тіркестермен, сөздермен жұмыс жүргізеді, талқылайды. Жұптасқан, топтасқан және жеке жұмыс өтеді. Отырыс ұзақтығы 2.5-4 сағат.
Әр жексенбіде сағат 14:30

Телефон: 32–72–87
Әлем әдебиеттері залы

«Өлкетану» дәрісхана клубы

«Кітапхана және өлкетану» жобасы шеңберінде 1998 жылдан бастап тарихшылар, археологтар, ғылыми қызметкерлер, студенттер және музей қызметкерлерін біріктіретін «Өлкетану» дәрісхана клубы жұмысын жүргізуде. 2013 жылдан бастап «Өлкетану» клубы шеңберінде Өлкетану cабақтары циклы жүргізіледі. Жоба мақсаты: туған өлке тарихы мен мәдениетін ауқымды үгіт - насихаттау және зерделеу негізінде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге көмектесу; оқырмандардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға ықпал ететін ақпараттық сұранысын қанағаттандыру; облыстық кітапхананың жүйелік жобаларын насихаттау.
Айыны 1 рет келісім бойынша

Телефон: 32-35-07
Абонемент бөлімі

«Мастерица» клубы

«Мастерица» клубы қолөнер шеберлерін біріктіретін, тәжірибе алмасатын, пікірлесетін орын. Клуб шығармашылықпен белсенді айналысатын талантты адамдарды біріктіреді; жастарды халықтық мәдениетке және көркемдік шығармашылыққа баулып, қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі; халықтық дәстүрді насихаттайды. Клуб мүшелерінің шығармашылық жұмыс бағыттары - тоқу, бисермен тігу, макраме, фелтинг, фриволите, батик, пэчворк, дизайн, және т.б.
Клуб отырыстары әр сәрсенбі күні сағат 14.00-де өтеді.

Телефон: 32–58–15
Оқу залы

«Фиалочка» клубы

2004 жылы «Фиалочка» гүл өсіруші - әуесқойлар клубын құрудың бастамашылары - кітапхананың тұрақты оқырмандары және «Біздің ошақ» клубының мүшелері. Клуб мүшелері - гүл өсіруші әуесқой жастар және нағыз мамандар, өз ісінің шеберлері. Үй гүлдерін өсірушілер белсенділерін әдемі және таңғажайып өсімдіктердің алуан түрін өсіру ықыласы біріктіреді. Ай сайынғы отырыстарда гүл әлемінің жаңалықтары талқыланады, қатысушылар гүлдердің жаңа түрлері туралы ақпаратпен, үй өсімдіктерін өсіру тәжірибесімен бөліседі және мастер-кластар өткізіледі. Кітапханада ұдайы үй гүлдері көрмесі өткізіліп тұрады.
Әр ай сайын сәрсенбі күні сағат 15:00

Телефон: 32–58–15
Өндірістік әдебиеттер залы

«Наш очаг» клубы

«Наш очаг» клубы 1996 жылы техникалық және ауылшаруашылық әдебиеті бөлімі жанында құрылған. «Біздің ошақ» клубының мүшелері - саяжай және бау-бақша телімдері бар, табиғатты сүюшілер және оның гүлденуін жақтаушылар қатарындағы әуесқой бағбандар кітапхананың белсенді оқырмандары болып табылады. Клубқа қатысушылар ай сайын өз отырыстарын өткізеді, бағбандық, бақша құпияларымен, экзотикалық өсімдіктер, гүлдер, көкөніс және жеміс-жидек өсіру тәжірибесімен бөлісіп, бақша - саябақ бойынша әдебиет, ландшафт дизайны жаңалықтарымен танысып тұрады.
Әр ай сайын бірінші дүйсенбі күні сағат 14:00

Телефон: 32–58–15
Өндірістік әдебиеттер залы