A- A A+

Құрметті оқырмандар! 2017 жылдың 25 қазанында сағ.:15.00-де облыстық кітапханада Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Азаттықты аңсаған Алаш» атты дөңгелек үстел өтеді. Сіздерді дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

Кітапханашыдан сұра

Біздің кітапхананың виртуалдық анықтама қызметіне қош келдіңіздер!

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың виртуалдық анықтама қызметі, кітапханамен, кітап (журнал, газет) қорларымен байланысты сұрақтарына жауап береді, фактографиялық ақпараттарды іздейді. Анықтамалық қызметпен жұмысты бастар алдында, Сізден Виртуалдық анықтама қызметі қағидасы туралы және пайдалану Ережелерімен танысуыңызды сұраймыз. Біздің қызметті пайдалану арқылы сізді қызықтыратын сұрағыңызға жауап аласыз.


Анықтама қызметінде мынандай сұрақтар қарастырылмайды:

- дайын курстық, дипломдық жұмыстарды және рефераттар мәселелерін шешуге байланысты іздеу;
- коммерциялық сипаты бар ақпараттар;
- электрондық пошта бойынша жіберілген (нысаны толтырылмаған);
- күшіне енген заңнамаларды бұзған жауаптар;
- қандай да бір материалдар сканерленбейді. Біз құжаттарды сканерлендірмейміз.

Жұмыс уақыты
Сұраныстар дүйсенбіден және бейсенбі күнге дейін қабылданады және алынған реті бойынша орындалады. Сұраныс тұжырымды және барынша анық болуы керек. Сұранысыңызды қандай түрде дайындасаңыз, сондай жауап аласыз. Анықтама қызметі сұрақтарды 10.00 нан 17.00 дейін қабылдайды, содан кейін жауаптарды іздеу үшін жабылады. Егер Сіз сұрағыңызды 10.00 нан 17.00 дейін жіберсеңіз, сұрақты кезекке қойып, орындалғаны туралы хабарлаймыз. Біз жұма, сенбі, жексенбі және мереке күні демаламыз.
Қате қойылған сұрақтарды және репликаларды өшіруге құқылымыз

Сұрақтар тізімі:

 

Виртуалдық анықтама қызметінің ережесі

1.Жалпы ереже:
1.1. Барлық пайдаланушыларға түсінікті және ақысыз; қабылданған сұрақтарға және ақпарат болмаған жағдайда да міндетті түрде жауап беру; сұрақтарға жедел жауап беру; пайдаланушылар туралы ақпарат құпияда сақталады.

2. Пайдаланушылардың санаты.
2.1. Анықтама қызметіне сұраныс жасаған барлық пайдаланушыларға қызмет көрсетіледі.

3. Қабылданатын сұраныстардың түрлері.
3.1. Павлодар С.Торайғыров атындағы ОБӘҒК қорында сақталатын, нақты басылымдардарға сұраныс.
3.2. Тақырыптық сұраныстар, библиографиялық іздеу қиын емес және кітапханадағы дәстүрлі және электрондық библиографиялық ресурстары негізінде орындалады.
3.3. Фактографиялық сұраныстар.


4. Қабылданатын сұраныстардың тақырыптары.
4.1. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша сұраныстар қабылданады.

5.Ұсынылатын қызметтер.
5.1. Пайдаланушының сұранысына жауап библиографиялық тізім арқылы беріледі.

6. Сұраныстарды орындау мерзімі.
6.1. С.Торайғыров атындағы ОБӘҒК нақты басылымдарға сұраныс 1 жұмыс күнінде орындалады.
6.2. Библиографиялық ізденісті қиын емес тақырыптық сұраныстар, 1-3 жұмыс күнінде орындалады.
6.3. Фактографиялық сұраныстар 1-2 жұмыс күнінде орындалады.

7. Ресурстық база қызметі
7.1. Сұраныстың орындалу кезінде С. Торайғыров атындағы ОБӘҒК деректер базасы және электронды каталогтар жүйесі, кітапхананың дәстүрлі анықтама-іздеу аппараты пайдаланады.


8. Қызметтің жұмыс тәртібі және реті.
8.1. Сұраныс дүйсенбіден бейсенбі күнге дейін қабылданады және қабылданған ретімен орындалады.
8.2. Қабылданған сұраныстың саны күніне 1-ге дейін шектеулі.

9. Шектеулер.
9.1. Көңіл көтеру сипатындағы (кроссворд шешу, сайысқа қатысу, викториналар және т.б.) байланысты сұраныстарға ақпарат беру орындалмайды.
9.2. Құжаттардың сканерленген мәтіні берілмейді.
9.3. Сыпайы қойылмаған сұрақтар қарастырылмайды. Қызметкерлер сұрақтарды жоюға құқылы.
9.4. Математикалық, физикалық, химиялық есептерді шығаруға байланысты сұраныстар орындалмайды.
9.5. Коммерция сипатындағы сұраныстар қарастырылмайды.
9.6. Күніне бір уақытта бір тақырыптық, фактографиялық немесе библиографиялық сұраныс қарастырылады.
9.7. Қазақ және орыс тілінде қойылған сұрақтар қарастырылады.

Ережені құрастыру кезінде, ҚР Ұлттық Академиялық кітапхананың сәйкес құжаты қолданылды.