A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, ақысыз интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Павлодар облысының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директорлары Кеңесі

14 Шілде 2017

2017.07.14 01 2017.07.14 02

14 шілдеде облыстық кітапханада Павлодар облысының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директорлары Кеңесінің отырысы өтті. Отырысты С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың басшысы Ш. Шахметова ашты.

Бағдарламада: - облыстық кітапхана қызметкерлерінің баяндамалары. Көрме және мәдени шаралар бөлімінің басшысы Ә. Ауылбаева «Қоғамның рухани көкжиегіне жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты дамуы» Халықаралық әдеби биеннале – 2017. (Алматы қ. 12 – 14 маусым, ҚРҰК). Инновациялық – әдістемелік жұмыс секторының басшысы А.Жилкибекова, кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімінің басшысы Г. Иванова ЭКСПО – 2017 Халықаралық көрмесі аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» Халықаралық симпозиумы. (Астана қ. НАБРК, 26 – 27 маусым). Облыстық кітапхананың басшысы Ш. Шахметова «Халықаралық сапарлар» бағдарламасының аясында АҚШ Мемлекеттік департаментімен ұйымдастырылған тәжірибе алмасу бойынша «Америка кітапханалары» үш апталық бағдарламасына қатысу (3 маусым7шілде 2017 ж. АҚШ). Облыстың кітапхана қызметкерлері кітап қорын толықтыру, құжаттарды сандық форматқа көшіру, деректер базасын жасау, кітапханалардың желі жобаларын дамыту және т.б. мәселелерді қарастырды.

 

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту