A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, ақысыз интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Халықаралық шахмат күні

19 Шілде 2017

2017.07.19 01 2017.07.19 02

19 шілде күні облыстық кітапханада Халықаралық шахмат күніне арналған «Шах&мат» атты мерекелік іс-шара өтті. 9 тақтада бір мезгілдегі ойынның сеансын шахмат Академиясының ұстаз жаттықтырушы, FIDE мастері, Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері, Азия, әлем чемпионатына қатысушы Вячеслав Ложников өткізді.

Спорт кандидатының шебері, Павлодар облыстық чемпионатының жүлдергері, республикалық және облыстық жарыстардың жеңімпазы Ануар Вержак өз өнерін көрсетті. Академияның басшысы Виктор Казаков қатысушыларды мерекемен құттықтады. Жас ерекшеліктеріне байланысты облыстық кітапхана атынан сыйлықтар табыс етілді. Атақты шахматшылар туралы, шахмат ойының тарихы мен әдістемесі бар кітаптар мен журналдар қойылған «Игра, прожившая столетия» атты кітап көрмесі қонақтарды қызықтырды. Әдебиеттер екі тілде таныстырылды. Бұл іс-шара облыстық кітапхананың «Қаладағы демалыс» дәстүрлі бағдарламасы аясында өтті.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту