A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, ақысыз интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

ҚРҰАК - ның "Кітапханалық туризм" жобасы

07 Тамыз 2017

2017.08.07 01 2017.08.07 02

7 тамыз күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға 2014 жылғы «Кітапханалық туризм» жобасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Астана қаласының Ұлттық Академиялық кітапханасының мамандары келді.

Кездесу барысында Ұлттық Академиялық кітапхана қызметкерлері Павлодар облысының кітапхана қызметкерлерімен тәжірибе алмасты, Ұлттық Академиялық кітапхана қызметкері Б.С. Ташимова, ақпараттық-библиографиялық секторының басшысы Ш.Б. Шаяхметова және С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана басшысы Ш.Б. Шахметова сөз сөйледі.
Астана қаласынан келген қонақтар: Б. Ташимова «Библиотуризм» жобасының мақсатымен және атқарылатын қызыметтері жайлы айтты; сирек кітаптар және манускриттер бөлімінің басшысы Д.А. Дауренбекова иновациялық бағдарламалар мен Ұлттық Академиялық кітапхананың жобалары, дүниежүзілік кітапханалар орталығының жұмысымен таныстырып өтті; электонды ресурстар бөлімінің басшысы Б.А. Еркебаева Қазақстан Ұлттық кітапханасының электронды кітапханасы жайлы мәліметтер берді.
ҚР ҰАК келген қонақтардың іс-сапар бағдарламасында: Баянауыл ауданың қорығына, Мәшһұр Жүсіп пен Бухар Жырау кесенелеріне бару.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту