A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, ақысыз интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Америкалық мәдениет орталығы» жобасы

2005-2010 ж.ж. Қазақстан Республикасының білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты, кітапхана оқырмандарына АҚШ –ның мәдениеті, тарихы, саясаты туралы әдебиеттерді таңдауға және ақпаратты пайдалануға нақты көмек көрсету мақсатында, С.Торайғыров атындағы ОӘҒК-да 2008 ж. қараша айынан бастап Америкалық мәдениет орталығы жұмыс істейді.

Америкалық орталықтар және бұрыштар – ол кішігірім кітапхана, америкалық үлгі бойынша жасалған, олардың міндеттері – өз оқырмандарына және қызығушылық білдіргендерге АҚШ туралы ақпарат беру арқылы біздің мемлекет арасында өзара түсүністігінің жақсаруына жағдай жасау.

Кітапхананың «Америкалық орталықтар және бұрыштар» АҚШ Мемдепартамент бағдарламасына қатысуы арқасында, кітапхана Орталық оқырмандарына, мұғалімдерге, студенттерге және оқушыларға, АҚШ елтану бойынша кітап қорын толтыруға мүмкіндік берді, 400 данадан аса кітап, СД-гі фильм коллекциясы, журналдар коллекциясы бар.

АҚШ елшілік үйінен қажетті жабдықтар үшін қаржы бөлінді, оған: компьютерлер, ноутбуктер, цифрлық камера, СК-теледидар, DVD, көрмені дайындау және шараларды өткізу үшін модульдық жабдықтар сатып алынды.

Америкалық мәдениет орталығында оқушыларға арналған «My English», студенттерге және лицей, колледж қатысушыларына арналған «Film Club» клубтары жұмыс істейді. Әлем Корпусының волонтерлері клуб өткізетін шараларға белсенді қатысады.

Орталық өміріндегі оқиғалар және өткізілген шаралар ақпараты кітапхана сайтында көрсетіледі.

Облыстық кітапханада Америкалық мәдениет орталығының ашылуы, Павлодар аймағының тұрғындарының білім алу, мәдениеттік қажеттіліктерін ақпаратпен қанағаттандыруына, АҚШ-ң экономика, саясат, тарих, білім беру және мәдениеті бойынша ақпарат қажеттілігіне бағытталған.