A- A A+

Құрметті оқырмандар! 2017 жылдың 25 қазанында сағ.:15.00-де облыстық кітапханада Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Азаттықты аңсаған Алаш» атты дөңгелек үстел өтеді. Сіздерді дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

«Зерде» клубының отырысы. «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» этнографиялық сабағы

29 Қыркүйек 2017

2017.09.28 03 2017.09.28 04

28 қыркүйек күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Зерде» клубының кезекті отырысы – «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» этнографиялық – сабағы өтті. Оқырмандар Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрі және мәдениетімен танысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы «Жұлдызды шаңырақ» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Клуб қонақтары – қазақ мәдени орталығы мен ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары өнерлерін көрсетіп, өз мәдениеттерімен таныстырды. «Туған жер», «Ерке сылқым» әндері , «Көроғлы» күйі және ҰЖМ – нің азербайжан бөлімшесінің оқушысы  Лейла Юсифова «Юру» әні орындады, неміс бөлімшесінің оқушылар әсерлі би көрсеттіп, неміс халқының дәстүрлі мерекелері туралы әңгімелеп берді. Сабақ «Бірге – көңілдірек» флешмобымен аяқталды.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту