A- A A+

Құрметті оқырмандар! 2017 жылдың 25 қазанында сағ.:15.00-де облыстық кітапханада Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Азаттықты аңсаған Алаш» атты дөңгелек үстел өтеді. Сіздерді дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

«Ақбеттау» журналының тұсаукесері

03 Қазан 2017

2017.10.03 01 2017.10.03 02

3 қазан күні облыстық кітапханада «Ақбеттау» журналының тұсаукесері өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында жарық көрген журналдың бірінші саны ғұлама М. Ж. Көпейұлына арналған. Тарихи-танымдық, әдеби-көркем журнал қасиетті Ертіс-Баян өңірінің тау тұлғалары өшпес із қалдырған киелі өлкенің тарихымен таныстырды.

Редакторы – журналист, ақын, жазушы ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сайлау  Байбосын. Шараға журналдың ақылдастар алқасының мүшелері, облысымыздың зиялы қауым өкілдері, студенттер және оқырмандар қатысты. Тұсаукесер аясында ұлы ойшыл, ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі және шығармашылығына арналған «Дархан даланың данышпан ұлы» атты көрме ұйымдастырылды.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту