A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Шекарадағы кездесулер» web-ресурсы

10 Сәуір 2018

2018.04.10 01 2018.04.10 02

10 сәуірде облыстық кітапханада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартты іске асыру шеңберінде жасалған «Шекарадағы кездесулер» ресейлік – қазақстандық web-ресурстың тұсаукесері өтті. «Шекарадағы кездесулер» web-ресурсы - бұл Ресей мен Қазақстан халықтарының мәдени және тарихи байланыстарын ашатын электрондық деректер қоры.

2018.04.10 03 2018.04.10 04
Облыстық кітапхана қызметкерлері екі мемлекеттің ынтымақтастығы мен елдеріміздің халықаралық және мәдени байланыстарына елеулі үлес қосқан тұлғалар туралы библиографиялық ақпараттарды жинау бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Жоба мазмұнды, пайдаланушыларға түсінікті және ыңғайлы интерфейспен жаңа форматта таныстырылған.
Ресурсқа танымал ақын – жазушылардың есімдері - П. Васильев, Вс. Иванов, А. Сорокин, А. Цветаева, А. Новоселова, сонымен қатар Қазақстаннан тыс жерлерде де шығармалары танулы Павлодар Ертіс өңірінің қазіргі кездегі авторлары - С. Горбунов, Ю. Поминов, О. Григорьева, Ю. Ковхаев, В. Семерьянов енді. «Тарих сақшылары» бөлімінде өлкетанушылар - Г. Потанин, Д. Багаев, Э. Соколкин, В. Болтина, Л. Шевелева есімдері таныстырылған.
Іс - шара Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде көрсетілді. Эфир қатысушылары: ресейлік және қазақстандық кітапханалар, Павлодар облысы ОКЖ. Шара барысында профессор, филология ғылымдарының кандидаты А.Қ. Тұрышев, тарихшы, өлкетанушы, Қазақстанның Құрметті мәдениет қайраткері Э.Д. Соколкин, Ресей Жазушылар одағының мүшесі С.А. Горбунов, Г.Н. Потанин атындағы өлкетану музейі бөлімінің басшысы Г.М. Алиева, П. Васильев музей – үйінің директоры З.С. Мерц, ақын, журналист, А.Цветаева мен П. Васильев шығармашылықтарын зерттеуші О.Н. Григорьева сөз сөйледі. Тұсаукесерге шығармашылық зиялы қауым, павлодарлық ақын – жазушылар, тарихшылар, өлкетанушылар, оқытушылар мен мектеп кітапханашылары, кітапхана оқырмандары қатысты.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту