A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Облыстық кітапханадағы Мемлекеттік рәміздер күні

05 Маусым 2018

2018.06.05 01 2018.06.05 02

4 маусым күні облыстық кітапханада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Ел нышаны рәміздер» - «Символы суверенной страны» атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеде қазақ мемлекеттілігінің, ежелгі тайпалардан біздің заманымызға дейінгі рәміздерінің тарихы туралы әңгімелейтін ондаған басылымдар мен түрлі-түсті фотоальбомдар қойылған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Оқу орталығының қатысушыларына Мемлекеттік рәміздер күні туралы ақпарат берілді, видео көрсетілді.
Сол күні кітапхана қызметкерлері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері үшін «Ұлттық рух нышандары» тақырыбы бойынша, мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы туралы әңгімеледі. Балалар біздің мемлекетіміздің нышандары жайында қызықты бейнебаяндар көріп, облыстық кітапхана қорының кітаптарымен танысты.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту