A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз! Жазғы жұмыс кестесі - 9.00-18.00

«Домбырамен сырласу» этнографиялық сағат

29 Маусым 2018

2018.06.29 05 2018.06.29 06

29 маусым күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Қазақстандағы жаңа мереке қарсаңында – ұлттық домбыра күніне арнап «Домбырамен сырласу» атты этнографиялық сағаты өтті. №13 ЖОМ жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары қазақ халқының сүйікті музыкалық аспабы - домбыра туралы кітапханашының әңгімесін тыңдады.

Саяхатшылар домбыраны өздерімен бірге жолға алып шығатын, ұлдар домбыра шертіп, ал қыздар оның сиқырлы әуеніне ән айтып, би билейтін. Балалар"Ақсақ Құлан" (1968 ж.), мультфилімін қызығушылықпен тамашалап, ел аузындағы аңыздан туған домбыраның пайда болу тарихын білді. Дауыс мәтінін Ш. Айманов оқыды. Іс-шара соңында балалар инновациялық сөйлейтін қалам көмегімен күй тындап, домбыраның суретін салды.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту