«Абаймен серуендеу» жобасы аясында «Абай Құнанбаев» онлайн дәрісі

Биыл ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл. Осыған орай С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана «Абаймен серуендеу» атты ерекше жобасын оқырмандарға ұсынады. Жобаның алғашқы қонағы филология ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, ақын, жазушы, әдебиеттанушы Серік Елікбай «Абай Құнанбаев» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Ғалым С. Елікбай Абай өлеңдерінің ерекшеліктеріне, тақырыбының жан-жақтылығына, Абайдың ақындық дәстүріне тоқталды. Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар екенін түсіндірді.

Онлайн-дәріс кітапхананың әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылған.