Оқу марафонының нәтижелері

Торайғыров атындағы облыстық кітапхана бастаған отыз күндік оқу марафоны мәресіне жетті. Марафонды 60-тан астам облыс тұрғындары - балабақшаның кішкентай оқушыларынан бастап ересектерге дейін қолдады.

Марафон біздің облыстың ең шалғай ауылдарын, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және көршілес Омбы қалаларын қамтыды.

Павлодар қаласының № 30, 16, 42, 25, 14, 37, 17, 4 мектептерінің оқушылары, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия және Кенжекөл мектебінің оқушылары сүйікті ертегілерін, өлеңдерін, әңгімелерін сүйсініп оқыды. Шарбақты, Екібастұз, Железин, Баянауыл, Ақтоғай, Успен аудандарының және Ақсу мен Павлодар қалаларының оқырмандары ерекше белсенділік танытты. Бұл жолы балаларына әкелер кітап оқыды.
Бұл бір реттік акция емес және тұрғындар өздерінің демалыстарын сүйікті кітаптарын оқумен өткізеді деп сенеміз.

Ал, үй кітапханасынан барлық кітаптарды оқып үлгергендерге біз облыстық кітапхананың веб-сайтына кіріп, QR кітапханасында және E-KITAP-та қызықты кітаптар табуды ұсынамыз!

http://qr.pavlodarlibrary.kz/
http://e-kitap.kz/books