«Прерванный полёт» әдеби-музыкалық композиция

16 шілдеде облыстық кітапханада ақын Павел Васильевті еске алуға арналған П.Васильев музейімен бірлесіп «Прерванный полёт» әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Қаламызда жыл сайын шілде айынының 16 күні П.Васильевті еске алу күнін өткізу дәстүрге айналды – осы күні 1937 жылы ақын лефортовский түрмесінде атылды.
Іс-шарада П. Васильевтің өлеңдерін қала мектептерінің оқушылары мен зиялы қауым өкілдері оқыды. Авторлық орындауында арнаулар айтылды. "Поречье" ансамблі ақынның өлеңдерінен әндер шырқады. Облыстық кітапхананың кітап қорынан жинақталған ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды.