«NASA және ғарыш» атты онлайн семинар

21 тамыз  күні облыстық кітапхананың Америка бұрышында ағылшын тілінің және жаратылыстану ғылымдарының (физика-математика, биология-химия бағыттарында) мұғалімдеріне «NASA және ғарыш» тақырыбы бойынша онлайн семинар ұйымдастырылды. Іс-шара жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде өткізу әдістемесіне және физика-математика, биология-химия бағыттарындағы сабақтарда ғарыш тақырыбын қамту туралы айтылды. Онлайн шараға мектеп мұғалімдері қатысты. Семинар ағылшын тілінде өтті.