«Павлодар өңірінің атақты күйшілері: Рүстембек Омаров» көпшілік дәрісі

16 қыркүйек күні облыстық кітапханада «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Павлодар өңірінің атақты күйшісі: Рүстембек Омаров» атты лекция өтті. Р. Б. Омаров – Қазақ ССР-інің халық әртісі, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің домбырашысы, Павлодар облысының тумасы. Шараға қатысушы Б. Ахметов атындағы колледждің және әскери мектептің оқушыларына ПМПУ оқытушысы Әсел Арынова Р. Омаровтың өмірі мен шығармашылық жолын таныстырп, «Жастық шақ» атты күйінің ерекшелігі, күйшілік өнер жөнінде айтты. Тыңдармандар күй өнері, күйшілер жайлы ұйымдастырылған «Өнер – рухани байлық» атты кітап көрмесін тамашалады.