Жазушы, аудармашы, публицист Герольд Бельгердің 85 жылдығына арналған «Бір өзі – бір әлем» атты дәріс

28 қазанда облыстық кітапханада «Тіл өнері» халық университеті» аясында жазушы, аудармашы, публицист Герольд Бельгердің 85 жылдығына арналған  «Бір өзі – бір әлем» атты дәріс өтті. Дәрісті PhD, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры Гаухар Айтбеккызы Жумабекова Г. Бельгердің өмірбаяны және шығармашылығы туралы дәріс оқыды.

Тыңдармандар «Прозаның алғыр зергері» атты кітап көрмесімен танысып, қаламгердің кітаптары, күнделігі  жайлы мол ақпарат алды.