«А-ДАН Я-ҒА ДЕЙІНГІ КІТАП» ЧЕЛЛЕНДЖ ОЙЫНЫ

Құрметті оқырман! Челлендж түріндегі тамаша ойынға қатысыңыз! Ереже бойынша, «А-дан Я-ға дейінгі кітап» ойыны үзілмеуі және қайталанбауы тиіс. Ол үшін қатысушы әр жылдарда оқыған кітаптардың атауын есте сақтауы керек. Бірінші қатысушы бір кітаптың атауын айтады. Келесі үміткер бірінші қатысушы айтқан кітап атауының соңғы әрібінен басталатын кітаптың атын тез арада атауы керек. Мысалы, бірінші қатысушы «Овод» кітабын атаса, келесі адам – «Д»-«Дарабоз», келесі үміткер – «З» - «Золотая Орда» деп тапқырлық танытуы керек.

Қатысушы міндетті түрде атаған кітабының авторын қоса айтуы қажет. Кітаптар қазақ және орыс тілдерінде болуы мүмкін.

Ойын түріндегі челлендж аптасына екі күн (сәрсенбі-жұма) өтеді.

Аталған челлендж жадыны жақсартуға, ойлау қабілетін арттыруға, логикалық сауаттылықты дамытуға бағытталған.

Құрметті оқырман! С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының аккаунтына жазылыңыз және челлендж ойынына қатысыңыз!