«ТОСТМАСТЕРС» клубы

Әлем әдебиеті залында айына екі рет сенбі күндері сағат 15.00-де тостмастерс клубы өтеді.
Тостмастерс – белгілі бір тақырып бойынша көпшілік алдында дұрыс сөйлеу мәнерін қалыптастырады. Клуб ағылшын тілін жоғары деңгейде білетін оқушылар, студенттер мен түрлі сала мамандарына арналған.

Телефон: 32–72–87
Сулейменова Асель Жомартовна

«ЗОЖ» клубы

«ЗОЖ» клубы 2010 жылы денсаулықты сақтау, оптимизм, егде жастағы адамдарды белсенді тіршілік әрекетіне тарту мақсатында ұйымдастырылды. Клуб міндеттері: зейнеткерлерге өзінің денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру; ағза және денсаулық туралы білімдерді арттыру; егде жастағы адамның әлеуметтік белсенділігін арттыру.

Телефон: 32–58–15
Байгабылова Айсулу Ертаевна

«Өркен» жас ақындар клубы

2015 жылы құрылған «Өркен» клубы - өңіріміздегі жас ақындарымыздың өнерге, әдебиетке деген талпыныстарын танытып қана қоймай, шабыттарын шарықтата түсу мақсатында ашылған клубтардың бірі. Ақындықтың қыр-сырын түсіндіріп, өлеңге деген ықыластарын қолдап жүрген жергілікті ақын Айбек Оралхан. Жас ақындар клубының мүшелері республикалық, облыстық жыр додаларына қатысып жүлдегер атанып жүргені белгілі.
Клуб отырыстары айына бір рет өтеді.

Телефон: 32-34-77
Букашева Бахытжан Тасымхановна

«Истоки» әдеби – поэтикалық клубы

«Истоки» әдеби – поэтикалық клубы 2014 жылы ұйымдастырылды. Клуб жұмысы бірлестік мүшелерінің бастамасымен жүзеге асырылады және әрбір қатысушының қызығушылықтары мен көзқарастарына құрметпен қарау принциптеріне негізделеді. Клуб мақсаты: әуесқой ақындарға өзін – өзі таныту және эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау және поэзия жанрын әйгілендіру.
Мерзімділігі – айына бір рет

Телефон: 32-35-07
Кадирова Айнур Казболатовна

Ted talk discussion club

Әлем әдебиеті залында TED TALK форматындағы тілдесу клубы өтеді. TED TALK - бұл бейнероликтердегі кішігірім түрлі тақырыптарды қысқаша түрде шолу, талқылау. Бұл клубқа 15 жастан жоғары жас ерекшелігіндегі оқырмандар қатыса алады. Клуб ағылшын тілінде өтеді. Отырыстарда келушілер жаңа ақпаратпен алмасып қана қоймай, сөздік қорын молайтып, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндіктері бар.
Әр сенбі сайын сағат 16:00

Телефон: 32–72–87
Сулейменова Асель Жомартовна

IELTS CLUB

Клуб стандартталған тесттерге дайындық үшін ұйымдастырылған. Үш бағытта өтеді – сөйлеу, тыңдау, оқу. Клуб қатысушылары – жоғары сынып оқушылары мен студенттер. Отырыстарда сөйлеу, мәтінмен жұмыс және тыңдауға бағытталған тапсырмалар орындалады.
Әр жексенбі сағат 15:00

Телефон: 32–72–87
Сулейменова Асель Жомартовна

CONVERSATION CLUB

Әр дүйсенбі сайын сағат 16.00-де Әлем әдебиеті залында ағылшын тілінің тасымалдаушысы, шетелдік мұғалім қатысуымен клуб отырыстары өтеді. Отырыстарда тарих, тіл білімі, әдебиет, мәдениет және тағы да басқа тақырыптар қамтылады.
Клубқа 14 жастан жоғары азаматтар қатыса алады.

Телефон: 32–72–87
Сулейменова Асель Жомартовна

«КЕЛТ» театралды клубы

Әр сенбі сайын сағат 15.00-де барлық келушілерге КЕЛТ ағылшын тіліндегі театр клубы ұйымдастырылған. Клуб барысында барлық қатысушылар сахналық ойындар арқылы ағылшын тілін жақсарта алады. Сабақтарда сергіту сәттері, ағылшын тілінде ойындар өткізіледі. Ұзақтығы – 2 сағат.

Телефон: 32–72–87
Сулейменова Асель Жомартовна

«Movie Club» клубы

Әр жексенбі сайын барлық келушілерге кино клуб ұйымдастырылған. Клуб қатысушылары - оқушылар, жоғары оқу орындарының және колледждердің студенттері, әртүрлі сала мамандары. Отырыстарға қатысушылар субтитрлермен дайындалған фильмді көріп, ондағы тіркестермен, сөздермен жұмыс жүргізеді, талқылайды. Жұптасқан, топтасқан және жеке жұмыс өтеді. Отырыс ұзақтығы 2.5-4 сағат.
Әр жексенбіде сағат 14:30

Телефон: 32–72–87
Сулейменова Асель Жомартовна

«Өлкетану» дәрісхана клубы

«Кітапхана және өлкетану» жобасы шеңберінде 1998 жылдан бастап тарихшылар, археологтар, ғылыми қызметкерлер, студенттер және музей қызметкерлерін біріктіретін «Өлкетану» дәрісхана клубы жұмысын жүргізуде. 2013 жылдан бастап «Өлкетану» клубы шеңберінде Өлкетану cабақтары циклы жүргізіледі. Жоба мақсаты: туған өлке тарихы мен мәдениетін ауқымды үгіт - насихаттау және зерделеу негізінде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге көмектесу; оқырмандардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға ықпал ететін ақпараттық сұранысын қанағаттандыру; облыстық кітапхананың жүйелік жобаларын насихаттау.
Айыны 1 рет келісім бойынша

Телефон: 32-35-07
Абонементтік қамтамасыз ету бөлімі

«Мастерица» клубы

«Мастерица» клубы қолөнер шеберлерін біріктіретін, тәжірибе алмасатын, пікірлесетін орын. Клуб шығармашылықпен белсенді айналысатын талантты адамдарды біріктіреді; жастарды халықтық мәдениетке және көркемдік шығармашылыққа баулып, қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі; халықтық дәстүрді насихаттайды. Клуб мүшелерінің шығармашылық жұмыс бағыттары - тоқу, бисертігу, макраме, фелтинг, фриволите, батик, пэчворк, дизайн, және т.б.
Клуб отырыстары сәрсенбі күні өтеді

Телефон: 32–72–87
Оқу залы

«Фиалочка» клубы

2004 жылы «Фиалочка» гүл өсіруші - әуесқойлар клубын құрудың бастамашылары - кітапхананың тұрақты оқырмандары және «Біздің ошақ» клубының мүшелері. Клуб мүшелері - гүл өсіруші әуесқой жастар және нағыз мамандар, өз ісінің шеберлері. Үй гүлдерін өсірушілер белсенділерін әдемі және таңғажайып өсімдіктердің алуан түрін өсіру ықыласы біріктіреді. Ай сайынғы отырыстарда гүл әлемінің жаңалықтары талқыланады, қатысушылар гүлдердің жаңа түрлері туралы ақпаратпен, үй өсімдіктерін өсіру тәжірибесімен бөліседі және мастер-кластар өткізіледі. Кітапханада ұдайы үй гүлдері көрмесі өткізіліп тұрады.
Әр ай сайын сәрсенбі күні сағат 15:00

Телефон: 32–58–15
Байгабылова Айсулу Ертаевна

«Наш очаг» клубы

«Наш очаг» клубы 1996 жылы техникалық және ауылшаруашылық әдебиеті бөлімі жанында құрылған. «Біздің ошақ» клубының мүшелері - саяжай және бау-бақша телімдері бар, табиғатты сүюшілер және оның гүлденуін жақтаушылар қатарындағы әуесқой бағбандар кітапхананың белсенді оқырмандары болып табылады. Клубқа қатысушылар ай сайын өз отырыстарын өткізеді, бағбандық, бақша құпияларымен, экзотикалық өсімдіктер, гүлдер, көкөніс және жеміс-жидек өсіру тәжірибесімен бөлісіп, бақша - саябақ бойынша әдебиет, ландшафт дизайны жаңалықтарымен танысып тұрады.
Әр ай сайын бірінші дүйсенбі күні сағат 15:00

Телефон: 32–58–15
Байгабылова Айсулу Ертаевна