Кітапхана құрылымы

Кітапхана әкімшілігі

Шахметова Шолпан Баянқызы – басшы
тел.: 8 (7182) 32-08-02
факс: 8 (7182) 32-01-65
e-mail:priemnaya.pvl.ounb@mail.ru
e-mail: sholpan6510@mail.ru

Байжанова Баршагүл Балтагүлқызы – басшының орынбасары
тел.: 8 (7182) 32-40-18
e-mail: pavlib@mail.ru

Уалинова Зауре Каримжанқызы – бас бухгалтер
тел.: 8 (7182) 32-44-79
e-mail: pavlodarounb@gmail.com

Абонементтік қамтамасыз ету бөлімі

Абонемент облыстық кітапхананың құрылған күнінен бастап,1896 жылдан бері жұмыс істейді. Басты мақсаты - оқырмандардың әдебиетке деген сұраныстарын, кітаптарды үйге беру арқылы қанағаттандыру, кітапхананың ақпараттық ресурстарын (баспа, электрондық, аудио және бейне басылымдарды) ұсыну және пайдалану. Жыл сайын 5 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетеді. Абонемент қорын – тарих, философия, жаратылыстану, медицина, дене шынықтыру және спорт, әдебиеттану және көркем әдебиет бойынша 100 мың данадан астам кітаптар, қазақ және орыс тілдеріндегі 30-ға жуық журналдар құрайды.
Бөлімде мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға қызмет көрсету бойынша заманауи кешен жұмыс істейді: тифлокешен, «Оқитын машина», минитрекбол (эргономикалық манипулятор), Брайль шрифтімен жұмыс істейтін принтер және компьютер. Қажет болған жағдайда оқырман өз дауысымен өз мәтінін сақтай алады. Есте қабілеті төмен оқырмандар үшін коммуникациялық акустикалық жүйелер орнатылды.
Орталықта тек мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана емес, егде жастағы адамдарға да қызмет көрсетеді, олар кітаптарды оқып, тыңдай алады, интернетке кіре алады, жаңа газеттерді оқып, шахмат ойнай алады, ал балаларға робототехника мүмкіндіктері ұсынылды.
Байланыстар:
тел.: 8(7182) 32-35-07
e-mail: abonement_pvl@mail.ru


Өлкетанулық библиография және ақпарат бөлімі

1950 жылдан бастап кітапхана пайдаланушыларына анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетеді, виртуалды анықтамалық қызмет көрсету жұмысына қатысады.
Облыстық кітапхананың негізгі бөлімдерінің бірі. Бөлімнің негізгі бағыттары: кітапхананың электрондық каталогын дамыту және одан әрі жетілдіру: «Статьи – Мақалар» ДБ; корпоративтік каталогтауға қатысу, аймақтың ақпараттық ресурстарын біріктіру, Интернеттің виртуалды кеңістігіне шығу; пайдаланушыларды ақпараттандыру бойынша қызметті жандандыру; оқырмандардың on-line режимінде мәліметтер базасына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету; тұтынушылардың ақпараттық мәдениетін арттыру, библиографиялық өнімдер мен қызметтерді пайдалануда жаңа мүмкіндіктер ұсыну; өлкетану бойынша ДБ-ны цифрлы форматқа аудару және жүргізу; облыстық кітапхананың электрондық ресурстарын толықтыру; өлкетану сипатындағы библиографиялық құралдар: мультимедиялық құралдар, көрсеткіштер, естелік және атаулы күндер күнтізбелері; облыс кітапханаларына әдістемелік-библиографиялық көмек көрсету.
«Кітапханашыдан сұра» виртуалды анықтамалық қызметінің көмегімен кітапханашы мен оқырманның қарым-қатынасының жаңа ыңғайлы қосымша мүмкіндігі. Виртуалды анықтаманың көрсетілетін қызметтері тегін.
Байланыстар:
тел.: 8(7182) 32-19-27
e-mail:ounbibo@mail.ru

Оқу залдары бөлімі

Оқу залдары бөлімі-облыстық кітапхананың ең алғашқы бөлімі, құрылған күннен бастап жұмыс істейді. Әрбір оқу залында әдебиетке еркін қол жеткізуге болады, оқырман оқу залдарының қосалқы қорларынан алдын ала тапсырыссыз және негізгі кітап қоймасынан алдын ала тапсырыс бойынша кітаптарды алуға мүмкіндігі бар.
Қосалқы қорлар – бұл философия, әлеуметтану, дін, саясат, экономика, мемлекет және құқық бойынша ғылыми, анықтамалық, оқу, ғылыми-көпшілік әдебиет; психология, педагогика, тарих, тіл білімі, әдебиеттану, мәдениет, өнер, спорт жөніндегі құжаттар, көркем шығармалар.
Бөлімнің ағартушылық жұмысы адамзаттың зияткерлік және рухани мұрасын игеруге ықпал ететін ақпараттық ортаны қалыптастыруға бағытталған. Салалық оқу залдарында әуесқой бірлестіктер жұмыс істейді.

Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі

Құжаттарды толықтыру, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі 1940 жылдан бастап жұмыс істейді және кітапхананың ақпараттық ресурстарын сапалы қалыптастыруға жауапты. Резервтік айырбастау қорына Облыстың мемлекеттік көпшілік кітапханаларынан дублдік және бейінді емес әдебиеттер келіп түседі. Бөлім кітап сату ұйымдары, мемлекеттік тапсырыс, сыйлықтар, қорды есептен шығару арқылы кітапхананың кітап қорын толықтыру процесін реттейді, қосымша жинақтау мақсатымен кітаптарды қайта қарауды жүзеге асырады, «Периодика», «Книги», «Авторефераты», «Детская литература», «Грампластинки» деректер қорының жұмысын жүргізеді.
Бөлім кітапхана қорларын алфавиттік, жүйелі және электронды каталогтар арқылы толық ашуды қамтамасыз етеді, келіп түскен құжаттарды жедел өңдейді және жүйелейді, облыс кітапханаларына әдістемелік көмек көрсетеді.
1994 жылы «АБИС» бағдарламасы арқылы «Книги» ДБ құру бойынша, ал 2001 жылдан бастап «РАБИС» бағдарламасында жұмыс басталды.
2014 ж. каталогтау процесіне RFID-технологияны енгізу бойынша жұмыс басталды. Кітапханаға келіп түскен барлық басылымдар өңдеуден өтеді, RFID-белгілермен таңбаланады, СК-да библиографиялық сипаттамаға «байланады». Қазіргі уақытта кітапхана бөлімдерінің кітап қорлары таңбаланып, кітапты рұқсатсыз шығарудан қорғалған.

Байланыстар:
тел.: 8(7182) 32-75-31
e-mail: obr_ounbpvl@mail.ru

Кітапханаларды дамыту бөлімі

Кітапханаларды дамыту бөлімі (1955) - облыс кітапханаларына арналған үйлестіру және әдістемелік орталық қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше. Бөлім Облыстың кітапхана ісін дамытудың перспективалық және қысқа мерзімді бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, облыстағы кітапхана саясатын қалыптастыруға және дамытуға қатысады. Бөлім – «Ауыл кітапханасы 2004 – 2006 жж.» облыстық бағдарламасын әзірлеуші, іске асыру барысында облыс кітапханаларын компьютерлендіру және модельді ауылдық кітапханаларды құру басталды. Кітапхана кадрларының біліктілігін арттыру мақсатында «Professional» және «Школа профессионального мастерства» бағдарламалары, «Библиокеруен», «День ЦБС области в ОУНБ им. С. Торайгырова» жобалары жүзеге асырылуда. «Нұр Отан» партиясының бастамашылық жобасы аясында кітапханаларды заманауи білім орталықтарына қайта құру және кітапханалар базасында коворкинг-орталықтарды ашу бойынша жұмыстар жүргізуде. Павлодар облысының Бірыңғай онлайн-кітапханасын құру жобасын іске асыруға қатысады.
Бөлім жанынан 2016 жылы облыстық кітапхананың кітапхана ісі тарихы мұражайы құрылды. Мұражай міндеттерінің бірі кітапхананың қалыптасу тарихы бойынша мұрағат құжаттары мен коллекцияларының бірегей қорын сақтау болып табылады. Мұражай қорында кітапханашылардың естеліктері, құрмет грамоталары, куәліктері, Құрмет кітабы, қабырға газеттері, мерейтойларға байланысты кітапханаға сыйлықтар, сондай-ақ кітапхана құжаттары: жоспарлар, есептер, хат алмасулар. Облыс кітапханаларының қызметі туралы құжаттар, басылымдар, кино-фото-фоно-құжаттар, кітапхана қызметкерлерінің жеке мұрағаттарының материалдары, телефон аппараттары, жазу машинасы, ағаш шоттар, калькуляторлар мен арифмометрлер, қаламсаптар және т. б. ұсынылған.
Мұражай коллекциясын облыс кітапханаларының тарихынан экспонаттармен және мұрағаттық құжаттармен толықтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Байланыстар:
тел.: 8(7182) 32-44-97
e-mail: metod_pavlib@mail.ru


Кітапхана процесстерін автоматтандыру және өлкетанулық құжаттарды цифрландыру бөлімі

Кітапхана процесстерін автоматтандыру және өлкетанулық құжаттарды цифрландыру бөлімі (2001) – кітапхана процесстерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін кітапхананың құрылымдық бөлімшесі. Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: автоматтандыру және ақпараттандыру, облыс кітапханаларының жиынтық электронды каталог құру және қолданыстағыларын дамыту, толықмәтінді ДБ құру, облыстық кітапхананың сайттарын құру және дамыту, өзінің мультимедиялық өнімдерін құру, интернет қашықтағы желілік ресурстарына қол жеткізу, облыс кітапханашыларын IT-технологияларға оқыту. Кітапхананың компьютерлік паркіне, сервер жұмысына қызмет көрсетеді.
8 желілік жобаның модераторы: Ресми сайт, Павлодар Ертіс өңірінің әдеби картасы, Павлодар – Қазақстанның индустриалды жүрегі, «Сұлтанмахмұт Торайғыров» виртуалды энциклопедиясы, «Павлодар Ертіс өңірінің заманауи авторлары» QR-кітапханасы, «Есімдер шоқжұлдызы: Павлодар облысының мәдениеті мен өнері», ресейлік - қазақстандық жоба «Шекарадағы кездесулер», «E-kitap.kz» бірыңғай онлайн-кітапханасы» ақпараттық Интернет-порталы.
Автоматтандыру бөлімі ОӘҒК тренинг-орталығының жұмысына белсенді қатысады, кітапханашыларға жаңа ақпараттық технологияларды үйретеді. Облыс ОКЖ-ға технологиялық консалтингті жүзеге асырады. Кеңес беру жұмыстары жүргізілуде, жаңа ақпараттық технологияларды жұмыс тәжірибесіне енгізу мәселелері бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетіледі.

Байланыстар:
тел.: 8(7182) 32-19-27
e-mail: pavlodarounb@gmail.com

Көрмелер және мәдени бағдарламалар бөлімі

2017 жылы құрылды. Бөлімнің негізгі міндеті – шығармашылық жобаларды жүзеге асыру. Бөлім қызметкерлері өңірдің қоғамдық және шығармашылық бірлестіктерімен ведомствоаралық өзара іс-қимыл және іскерлік ынтымақтастықты жүзеге асырады, кітапхананың ақпараттық-жарнамалық стратегиясын қалыптастыруға қатысады.
Бөлімде «Өркен» жас ақындар клубы жұмыс істейді. Клуб мүшелері-кітапхананың барлық мәдени-көпшілік іс-шараларының белсенді қатысушылары, мерекелерді, сөз шеберлерімен кездесулерді, басқа өңірлердің ақындарымен онлайн-кездесулерді, қаланың әлеуметтік мекемелерінде әдеби-музыкалық кештерді тұрақты ұйымдастырушылар.

Байланыстар:
тел.: 8(7182) 32-34-77
e-mail: otdelvystavok@mail.ru

Балалар әдебиеті бөлімі

Балалар әдебиеті бөлімі – 3 облыстық кітапханаларды біріктіру нәтижесінде құрылған облыстық кітапхананың құрылымдық бөлімшесі, облыстық балалар кітапханасынан мұра алған өз тарихы бар. Облыстық балалар кітапханасы 1959 жылы ашылған, сол кезде облыстық атқару комитетінің шешімімен оған қазақ ақыны және жерлесіміз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімі берілді. 35 жыл бойы, 1961 жылдан 1996 жылға дейін балалар кітапханасы Куйбышев 77 (Қазіргі Торайғыров көшесі) көшесіндегі тұрғын үйде болды.
1996 жылы Балалар әдебиеті бөлімі Луначарский көшесі 9/2 - XIX ғасырдың сәулет ескерткіші болып табылатын ғимарат - көпес Тумашевтің бұрынғы үйінде орын алды. Бөлім құрылымында-балалар шығармашылығы секторы, балаларға арналған абонемент және орта және үлкен жастағы оқушыларға арналған абонемент, оқу залы.
100 мыңға жуық кітап пен 90-нан астам мерзімді басылымдардың қорын 4500 жас оқырман, сондай-ақ олардың ата-аналары, мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, Ахметов атындағы педколледж оқушылары пайдаланады.
Әлеуметтік жобалар іске асырылуда: «От сердца к сердцу» (балалар ауруханаларында стационарлық емделіп жатқан балаларға бару), «Книжное дерево моей семьи», «Говорящая книга: читают дети», (Халық радиосымен бірлесіп), «Путешествие Синего чемоданчика по Павлодару», «Этнокультурные тропинки Прииртышья», «Чтобы мир был добрее» («Самал» РО бірлесіп), «Корзинка радости» қайырымдылық акциясы, "Библиоквартарники", "Зерде" клубтары, «Алдара-косе шеберханасы» шығармашылық бұрышы, «Книгочай» әдеби кафесі, «Алақай! Балақай!», балалар коворкинг орталығы.
Көптеген жылдар бойы жыл сайынғы «Неделя детской книги», «BIBLIO-каникулы» жазғы оқу бағдарламалары аясында іс-шаралар өткізіледі.
Байланыстар:
тел.: 8(7182) 61-87-11
e-mail: malish9.2@mail.ru

Негізгі қорларды сақтау бөлімі

Негізгі қорларды сақтау бөлімі - 1947 жылдан бастап кітапхананың құрылымдық бөлімшесі. Қор – бөлім қорындағы 200 мыңнан астам дана кітап электронды каталогта көрсетілген, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдері арқылы беріледі. Қорды насихаттау мақсатында бөлім үнемі кітап көрмелерін ұйымдастырады. Бөлім құрылымында сирек кітаптар залы жұмыс істейді.