Кітапхана тарихы

Павлодар облыстық кітапхананың тарихы ХІХ ғасырдың соңынан басталады, ол кезде Павлодар – уездік орталығы Семипалатинскі губерниясының құрамында болды. Павлодардың дамуына жүзден аса көпестер өз үлестерін қосты. Солардың арасында А.И.Деров, А.С. Сорокин, Нияз Айтыкин мен оның ұлдары, В.А. Агафонов және тағы басқалар болды. Ең алғашқы қаладағы мәдени мекеме 1892 жылы ашылған қоғамдық кітапхана еді. Кітапхана 1-ші гильдиялық көпес Артемий Иванович Деров пен басқа да жергілікті меценаттардың қаржысына салынды. Кітапхана №3 Мещанск тұйық көшесіндегі (қазіргі М. Есенәлиев көшесі) «Дворяндық жиналыс» ғимаратына орналасты.
1896 жылдан бастап кітапхана уездік аталды және кейін осы күн облыстық кітапхананың мерейтойларын мерекелеуге негіз болды.
1937 жылдан 1947 жылға дейін уездік, одан кейін облыстық кітапхананы Т.Байділдин, В.П.Ветрова, И.Иванова, А.А. Коваленко, Е.В. Рыжко, М.О. Фатфуллина басқарды. 1947 жылы И.Д.Бурилов директор болып тағайындалуымен, соғыстан кейінгі жылдары жұмыстың мазмұны түбірімен өзгерді.
XX ғасырдың I онжылдығында салынған бұрынғы көпес Тумашевтың үйі 1948 жылы кітапханаға берілді. Ерекше сәулет ескерткіші болған бұл 1 қабатты ескі үйде облыстағы басты кітапхана елу жылдай орнықты.
70 - жылдары кітапхана дамуының бір кезеңі орталықтандыру болды. Оны жүзеге асыру үшін 1975 жылғы 24 маусымда Павлодар облыстық халықтық депутаттар Кеңесінің сессиясында арнайы жоспар бекітілді. 1980 жылы облыста жоспарды жүзеге асыру барысында 514 көпшілік кітапхана біріккен 14 орталықтандырылған кітапханалар жүйесі құрылды.
1988 жылы Павлодар облысының кітапханалары Қазақ ССР мәдениет Министрлігі бұйрығына сәйкес бұрын жеке болған жасөспірімдер мен балалар кітапханасы облыстық әмбебап кітапхананың құрамына кірді. Абонементте жасөспірімдерге қызмет көрсететін кафедра ұйымдастырылды, балалар бөліміне - бұрынғы облыстық әмбебап кітапхананың бас корпусы берілді, ал 1996 жылы 100 жылдық мерейтойына байланысты бас корпус саяси ағарту үйінің үлкен ғимаратына көшірілді. Сол жылы облыстық кітапхана қазақтың танымал ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімімен аталды.
Қазіргі кезде Павлодар облыстық біріктірілген әмбебап ғылыми кітапхана - барлық жастағы оқырмандарга қызмет көрсететін, аймақтағы ақпаратты, білімді, мәдени мекеме, компьютермен жабдықталған. Кітап қоры – 600,0 мың қағазды және электронды ақпарат тасымалдағыштары. Кітапхана жыл сайын 100,0 мың оқырманға қызмет көрсетеді. Кітап беру саны - 1000,0 дана.
Облыстық кітапхана Республикада бірінші болып грант алу үшін өтініш беріп, жоба жасауда жұмыс жүргізді. Бұл жұмыс өте нәтижелі болды. 1997-1999 жылдар аралығында кітапхана «Сорос Қазақстан» және «Ашық қоғам» Институты қорынын: «Интернет. Электронды почта», «Аймақтағы үлгілік кітапхана», «Жанашыр» атты гранттарының жеңімпазы атанды. Грант кітапхананың компьютерлік паркін локалді торапқа біріктіруге, пайдаланушылардың Интернетке енуін жүзеге асыруға, электронды каталогқа және Web-сайтқа жұмсалды. «Пушкин кітапханасы» мегажобасына қатысып, Ресей баспасынан шыкқан ең жақсы әдебиеттермен, сондай-ақ компакт-дискі және СD-RОМ түріндегі электронды ақпарат тасумен қорды толықтырды.
Кітапхана ісі «Кітапхана және өлкетану», «Экология жизнь», «Жанашыр», «Открытая библиотека», «Библиотека - новые технологии», «Библиотека-центр культуры и досуга» бағдарламаларына бағытталған.
1998 жылы кітапхана Қазақстан Кітапханалар қауымдастығына, 2002 жылы Қазақстан кітапханалар Ақпараттық Консорциумға мүше болды. 2003 жылы Қазақстан кітапханалар астанасы байқау қорытындысы бойынша Павлодарда облыстық кітапханалар негізінде «Жаңа ақпараттық қоғамның жаңа кітапханасы. Үлгілік ауыл кітапханасы» атты республикалық конференциясы өтті. Алғашқы рет Қазақстанда үлгілік ауылдық кітапхана (Шарбақты ауданы, Орловка ауылы) тұсаукесер рәсімі өтті.
2004 жылы республикада алғашқы рет С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана әзірлеген, 2004 - 2006 жылдарға арналған «Ауыл кітапханасы» облыстық бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама мақсаты - ауыл тұрғындарын ақпаратпен, біліммен, мәдени құндылықтармен қамтамасыз ету, ауылдық кітапханаларды ақпаратты, білім, мәдени орталық ретінде дамыту. Бағдарлама қабылданғаннан бері 61 ауылдық кітапхана ашылды. Барлық орталық аудандық, қалалық және үлгілік ауылдық кітапханалар компьютерленген. Олар Интернетке шығады, өзіндік деректер қорын құрады, қорды электронды басылымдармен толықтырады, құжаттарды электронды тасымалдауды жүзеге асырады.
2006 жылғы елеулі оқиғалардың бірі – «2004-2006 жж. арналған Ауыл кітапханасы» облыстық бағдарламасын қорытындылауға арналған «Кітапхана – елдің бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық дамуының ресурстық орталығы» атты республикалық семинар.Семинар жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Е.К.Ертісбаев қатысты.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана 2007 жылы ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың баратын аймақтың ірі өнеркәсіптерымен қатар объектілері тізіміне енді. Оның кітапханаға келуі, кітапхананың әлеуметтік маңыздылығын көрсетіп, жетекші ақпарат орталығы ретінде жұртшылық пен жергілікті басқару билік өкілдері арасында беделін арттырды.
2008 ж. қаңтардан бастап Интернетте ОӘҒК сайтының екінші деңгейдегі доменмен жаңа нұсқасы жіберілді – www.pavlodarounb.kz.
2011 жылы 22 маусымда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Павлодар облысы кітапханаларының Күні өтті, бұл жылдың маңызды оқиғаларының бірі болып табылады, оған ҚР Мәдениет министрлігінің өкілі Ж.С. Молдабергенова, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстық кітапханаларының жетекші мамандары, Президенттің мәдениет орталығының қызметкерлері, Астана қаласы ОКЖ, Астана мектептері мен лицейлерінің кітапханашылары қатысты.
2012 жылы облыстық кітапханада Америка бұрышының салтанатты ресми ашылуы өтті. Ашылуға Қазақстандағы АҚШ-ның Елшісі Кеннет Фэйрфакс, Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.А. Өрсариев қатысты.
2012 жылдан бастап «С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханадағы облыс орталықтандырылған кітапхана жүйесінің күні» жобасы іске асырылып келеді. Бұл облыстық кітапхана қызметінің өзекті бағыттарының бірі болып табылады, оның мақсаты: кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, кітапханашылардың ақпараттық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәжірибе алмасу.
2014 жыл кітапхана қызметкерлері мен оның көптеген оқырмандарына ерекше мезгілге айналды. Кітапхана күрделі жөндеу жұмыстарынан кейінгі өз есігін қайтадан ашты. Бүгін кітапханада әрбір оқырман өзінің жеке кеңістігінде жұмыс жасауына жағдай жасалған: креслоға отырып, кітаппен дәлізде немесе арнайы оқуға арналған жерде танысуға мүмкіндігі бар. Жаңа «кітап ордасында» электронды ресурстармен қатар дәстүрлі кітаптар да бар – осының арқасында кітапханалар үлкен сұранысқа ие.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуге арналған «Жанашыр» орталығы ашылды – бұл мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға қызмет көрсетілетін заманауи кешен: тифло кешен, «Оқитын машина», шағын трекбол (эргономикалық манипулятор), брайль шрифтімен жұмыс істейтін принтер және компьютер. Қажет болғанда оқырман өз дауысымен өз мәтінін сақтап қала алады. Нашар еститін азаматтар үшін коммуникациялық акустикалық жүйе орнатылған.
Кітапхананың күрделі жөндеу жұмыстарынан кейінгі басты жаңалығы – бұл оқырмандарға оқу залында, абонементте кітап қорына ашық қолжеткізу принципі. Абонементке келушілерді жаңа интерьерермен өзгерген бөлім қарсы алды, мұнда 100 мыңнан аса кітаптарға ашық қолжеткізілді. Оқу залында 32 электронды басылымдары, 32 отыру орыны бар, дөңгелек үстелде жеке 4 оқырмандар бір уақытта жайғаса алады, 16 АЖО-на жаңа компьютерлерді, WI-FI және жоғарыжылдамдықтағы Интернетті пайдалана алады. Жөндеу жұмысынан кейін Торайғыров залы ашылды. Мұнда ақын туралы және оның шығармашылығы туралы әдебиеттер жинақталған. Торайғыров залында жұмыстың әр түрін қолданып, кітапханашылар Павлодар облысының жетістігін насихаттайтын, кітапхана статусын мәдени рухани орталық ретінде дәлелдейтін шараларды өткізеді, кітапхана өлкетанушылармен, қоғам қайраткерлерімен, қаланың белгілі адамдарымен кездесетін орын ретінде пайдаланады. Залда жаңа компьютер және TV орналасқан.
2013 жылы Новосібір облыстық кітапханасымен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды,«Тілтаным» ресурстық орталығы аясында орыс тілі орталығы құрылды. 30 дана сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар сыйға тартылды.
2014 жылы кітапханада ақпараттық - коммуникациялық технологияларды кеңінен енгізуге және дамытуға баса назар аударылды. Біздің кітапхана Қазақстанда алғашқылардың бірі болып RFID –технологиясын енгізу жобасын жүзеге асыруға кірісті, бұл пайдаланушыларға қызмет көрсетуді жаңа деңгейге көтеретін кітапханалық үрдістерді автоматтандырудың жаңа шешімі.
РАБИС базасы негізінде автоматтандырылған кітап беру, электронды оқырман билеті дайындалды, кітапты түгендеу бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Кіре берісте «ұрлыққа қарсы қақпа» тұр, оқырманды егер кітап тіркелмеген болса шығармайды. Кітапхана холында және абонементте арнайы терминал – өздігінен кітап беретін станция орналасқан.
Кітапханашылар үшін RFID-меткалары үшін сканерлермен жабдықталған автоматтандырылған жұмыс орындары бар. Қызметкерлер деректер базасынан керекті кітаптарын тез таба алады, RFID-есептеушіге тіркесе кітапты береді және қайтарып алады.
Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне облыстық кітапханада бірінші рет «Кітапханадағы түн - 2014: Жанды кітапхана» шарасы өткізілді.
2016 жылы – С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға 120 жыл толды. 17 мамырда «Кітапхана және оқырман: бірлігіміз жарасқан» Ашық есік күні өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және облыстық кітапхананың 120 жылдығына бірнеше жобалар іске асырылды, олар: «Кәсіби бағдар беру. Техникалық білім беру. Жұмыспен қамту» әлеуметтік жобасы, «Ертістің Павлодар өңірінің қазіргі кезеңдегі авторлары» QR-кітапхана».
2016 жылы облыстық кітапхана алғаш рет «Eurasian Book Fair-2016» Еуразиялық халықаралық кітап көрме – жәрмеңкесіне қатысты.
2017 жыл – кітапхана үшін оқиғалар жылы болды. «Астана ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі аясында «Техникалық идеялар жәрмеңкесі», Алаш қозғалысының 100 жылдығы аясында «Азаттықты аңсаған Алаш» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
«Бір ел – бір кітап» акциясы біздің жерлесіміз, ақын – демократ Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналды. «Павлодар Торайғыровты оқиды», «Сұлтанмахмұт Торайғыровты еске алу күні» әлеуметтік жобалары жүзеге асырылды.
Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге бағытталған «Латын қарпімен оқимыз» атты акция өтті.
2017 жылы қазанда «Кітапхана әлемі» тақырыбы бойынша «Кітапхана түні» ауқымды шарасы өткізілді. 2000 жуық қала тұрғындары кітапханада ұйымдастырылған 15 алаңмен танысты. Орталық алаң жерлес ақынымыз, драматург, Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты А. Шамкеновтың 90 жылдығына арналды. «Туған жер тарланы» атты портрет кеші өтті, кеш қонақтарына «Өмірім менің - өлеңім» кітап көрмесі, «А. Шамкенов – 90 жыл» кітап инсталляциясы ұсынылды. Мерекенің қонақтары үшін «МадЛена» кондитері ұсынған торт тосын сый болды.
2018 жыл – «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Қазақстан кітапханалары» жобасын іске асыру жылы. Облыста кітапханалар жанынан 25 коворкинг-орталықтары ашылды, қазіргі таңда бұл орталықтар ауыл мен қала тұрғындары үшін жиі баратын, сүйікті орындарға айналды. Павлодар облысының бірыңғай онлайн – кітапханасын құруға байланысты жұмыстар басталды.
2018 жылдың 17 шілдесі кітапхана тарихында алтын әріппен жазылатын күн. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Павлодар облысына жұмыс сапары аясында облыстық кітапханаға келді. Ол «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жүзеге асырылған Павлодар облысының бірыңғай онлайн – кітапханасын құру, кітапханалық процеске RFID – технологиясын енгізу, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайлы «Жанашыр» орталығының жұмысымен танысты.
Павлодарда жыл сайын тамыз айында өтетін «Ұлы Дала Елі» халықаралық этнофестиваль аясында облыстық кітапханада кітапханашылар үшін «Қоғамдық сананы жаңғыртуда кітапханалардың рөлі» атты секция өтті. Кітапханашылар кітапхананың 2 жылда жеткен жетістіктерімен танысты.