Оқу залдары

ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГТАР ЗАЛЫ

Электронды катологтар залында: кітаптардың алфавиттік каталогы, диссертациялардың авторефераттары, диссертациялардың авторефераттарының жүйелі каталогы, электронды каталог, кітапхананың библиографиялық және толық мәтінді электронды мәліметтер базасы орналасқан.
Оқырмандар қызметіне – 5 автоматтандырылған жұмыс орындары ұсынылған. Кезекші кеңесші библиографиялық және фактографиялық анықтамаларды орындайды, кеңес береді, басылымдарды іздеуге көмек көрсетеді.

СИРЕК КІТАПТАР ЗАЛЫ

Сирек кітаптар залы (2014) «Раритет» бағдарламасы аясында кітап ескерткіштерін сақтау, өңдеу, зерттеу және пайдалану қызметтерін атқарады. Бағдарламаның мақсаты – әдебиет ескерткіштерін сақтау, оқырмандардың сирек және құнды басылымдарға қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Павлодар облыстық кітапханасының сирек және құнды басылымдар қорын құрайтын кітаптар ерекше тарихи-мәдени және мемориалдық маңызы бар. Коллекциялық қорда 3000 – ға жуық сақтау бірліктері бар: XIX-XX ғасырдың ортасы; қазақ баспасы; факсимильді және репринттік басылымдар; миниатюралар; автографтары бар кітаптар.
Қазақ баспасөзінің коллекциясынан алынған жеке кітаптар туралы мәліметтер Ұлттық қоймалардың бірыңғай ақпараттық қорына және Қазақстан туралы халықаралық деректер банкіне енді.
Облыстық кітапхана, ПМПУ, Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы, Бұхар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы, облыстық ОКЖ, жеке коллекциялар қорларынан алынған кітап ескерткіштері туралы мәліметтер, облыстық кітапхана құрастырған «Свод книжных памятников Павлодарской области» жинағына енді.

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ ЗАЛЫ

С. Торайғыров есімін абыроймен алып жүрген кітапханамыздың залында көрнекті ақын - демократ, танымал жерлесіміз жайлы барлық әдебиеттер жинақталған. «Сұлтанмахмұт Торайғыров» виртуалды энциклопедиясына қол жеткізуге болады. «Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмұт» атты көрме ұйымдастырылған. Әдеби кештер, кездесулер, клубтар мен университеттердің отырыстары өтетін орын. «Истоки» әдеби – музыкалық клубының кездесулері және Әдеби студияның отырыстары өтеді.

КІТАПХАНАТАНУ ЖӘНЕ БИБЛИОГРАФИЯ ЗАЛЫ

2017 жылы ақпарат және өлкетану библиография бөлімі жанынан кітапхана мамандарының біліктілік деңгейін арттыру мақсатында құрылды. Кітапханатану, библиографтану, кітаптану және информатика тарихы мен әдістемесі бойынша профильді әдебиеттерден тұрады. Қор «Кітапхана ісі» (2008) ДБ-да жан-жақты көрсетілген.

ӘМБЕБАП ОҚУ ЗАЛЫ

Әмбебап оқу залының (1896) кітап қоры 100 мың данадан астам кітап және қазақстандық және ресейлік мерзімді басылымдардың 258 атауынан тұрады, пайдаланушылардың әр түрлі тақырыптар бойынша ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, барлық білім салалары бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар авторефераттарының бай қоры бар.
Орыс тілі орталығының, «Тіл өнері» Халық университетінің жұмысын үйлестіреді.

ӨНДІРІСТІК ӘДЕБИЕТТЕР ЗАЛЫ

Өндірістік әдебиеттер залы (1978) 16 мың дана кітап және 40-тан астам мерзімді басылымдардан құралады. Жыл сайын 2500-ден астам оқырмандарға қызмет көрсетеді. «Наш очаг» және «Фиалочка», «Моделист-конструктор», "СӨС", «Экология и жизнь» бағдарламасының шеңберінде «Жасыл планета» экологиялық лекторий сияқты қызығушылықтар бойынша ескі клубтардың жұмыстарын үйлестіреді.
«Кәсіптік бағдар беру. Техникалық білім беру. Жұмыспен қамту» әлеуметтік жобасының аясында мектеп түлектері мен колледж оқушылары үшін тұрақты түрде кәсіптік сағаттар, техникалық кітап апталығы, Ауыл шаруашылық кітабы айлығы, Павлодар қ. техникалық колледждердің өндірістік оқыту шеберлерімен кездесулер, жұмысшы мамандықтар бойынша квест-ойындары өткізіледі.

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТТЕРІ ЗАЛЫ

Әлем әдебиеттері залы (2001) кітап қорында әлемнің 50 тілінде 6 мыңға жуық оқулықтар, анықтамалықтар, сөздіктер, салалық және көркем әдебиеттер, электронды басылымдар бар, ағылшын тіліндегі аудио – бейне ресурстардың, оқыту бағдарламаларының, үстел ойындарының қоры жинақталған. Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып, Тілдер апталығы мен фестивальдерін үнемі өткізеді. Гете-институтымен байланыс орнатылған. 2012 жылы Америка бұрышы ашылды. Ағылшын тілін оқытуға, АҚШ тарихы мен мәдениетін насихаттауға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізіледі.
Секторда қызығушылықтар бойынша келесі клубтар жұмыс істейді: Movie Club, Conversation Club, Ielts Club, Ted talk discussion club, үстел ойындарының клубы

ӨНЕР ӘДЕБИЕТТЕРІ ЗАЛЫ

Өнер әдебиеттері залы (1996) 12 мың дана кітаптан және 20 журнал атауынан, 2000 аудио-, видеокасеталар мен күйтабақтар фонетикасынан құралады. Фонотека 2014 жылы ашылды және әртүрлі тасымалдағыштарда дыбыс жазбаларының бірегей жинағы бар: грампластинкалар, дискілер, аудиокассеталар. 1 мыңнан астам грампластинкалар (классикалық музыка, музыкалық композициялар, әдеби жазбалар, эстрадалық музыка) сақталған. Дыбыс шығаратын техникамен жабдықталған. Фонотека ресурстарын музыкалық және әдеби кештер сүйемелдейді.
Залда «Асыл қазына» ақпараттық-танымдық үйірмесінің, «Мастерица» қолөнершілер клубының отырыстары өткізіледі.

КОВОРКИНГ- ОРТАЛЫҒЫ

2018 жылы кітапханада адамдардың бір-бірімен тіл табысуы, оқу және шығармашылық байланыстарды ұштастыру үшін біріктіретін қоғамдық кеңістік ретінде, Коворкинг - орталығы ашылды. Ыңғайлы жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы креслолар, үстелдер, жұмыс орындарының саны, бірлескен және жеке жұмыс аймақтары, ойын алаңдары, демалыс аймақтары, тегін Wi-Fi, жоғары жылдамдықты интернет, ұйымдастыру техникасы.