Шығармалар жинағы

Тұғыры тас, тұлыбы тоң қос ғасыр (XIX-XXғғ.) куәсі Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы – қазақтың біртуар төл перзенті. Ол – ақын, ағартушы, тарихшы, фольклоршы.
Сол себепті де «Жасөспірімдер кітапханасы» сериясы аясында шығарылып отырған бұл кітапқа Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өзіндік өрнегі мол өзекжарды өлеңдері, мысалдары және ел ішінен жиыстырған аңыз-әңгімелері, ертегілері, мақал-мәтелдері, баталы сөздері мен қазақтың хан, би, шешен, батырлары тарапыннан айтылған тарихи ой-түйіндері еніп отыр. Сондай-ақ, бұл кітап ақынның әулие-көріпкелділік қасиеттері жөнінен де сыр шертеді.