Кітапхана құрылымы

Кітапхана әкімшілігі

Шахметова Шолпан Баянқызы – басшы
тел.: 8 (7182) 32-08-02
факс: 8 (7182) 32-01-65
e-mail: kitaphanapavlib@yandex.kz
e-mail: sholpan6510@mail.ru

Байжанова Баршагүл Балтагүлқызы – басшының орынбасары
тел.: 8 (7182) 32-40-18
e-mail: pavlibrary@yandex.kz 

Тинибаева Елена Киноятовна – бас бухгалтер
тел.: 8 (7182) 32-44-79
e-mail: pavlodarounb@yandex.kz

Абонемент бөлімі

Абонемент облыстық кітапхананың құрылған күнінен бастап,1896 жылдан бері жұмыс істейді. Басты мақсаты - оқырмандардың әдебиетке деген сұраныстарын, кітаптарды үйге беру арқылы қанағаттандыру, кітапхананың ақпараттық ресурстарын (баспа, электрондық, аудио және бейне басылымдарды) ұсыну және пайдалану. Жыл сайын 5 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетеді. Абонемент қорын - тарих, философия, жаратылыстану, медицина, дене шынықтыру және спорт, әдебиеттану және көркем әдебиет бойынша 100 мың данадан астам кітаптар, қазақ және орыс тілдеріндегі 30-ға жуық журналдар құрайды.

Бөлімде мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға қызмет көрсету бойынша заманауи кешен жұмыс істейді: тифлокешен, «Оқитын машина», минитрекбол (эргономикалық манипулятор), Брайль шрифтімен жұмыс істейтін принтер және компьютер. Қажет болған жағдайда оқырман өз дауысымен өз мәтінін сақтай алады. Есте қабілеті төмен оқырмандар үшін коммуникациялық акустикалық жүйелер орнатылды.

Орталықта тек мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана емес, егде жастағы адамдарға да қызмет көрсетеді, олар кітаптарды оқып, тыңдай алады, интернетке кіре алады, жаңа газеттерді оқып, шахмат ойнай алады, ал балаларға робототехника мүмкіндіктері ұсынылды.

Байланыстар:
тел.: 8 (7182) 32-35-07
e-mail: abonement_pvl@mail.ru


Өлкетану библиографиясы және цифрлық технологиялар бөлімі

С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың «Өлкетану библиографиясы және цифрлық технологиялар бөлімі» өз жұмысын 2020 жылдың ақпан айынан бастады. Бөлімнің негізгі бағыты: облыс бойынша өлкетану жұмысын қолдау және дамыту. Осыған байланысты бөлімдегі жұмыстың қарқынды белең алуына цифрлық технологиялар зор үлес қосуда. Бөлімнің ұзақ мерзімге бағытталған басқа да бағыттары келесідегідей: өлкетану ақпаратын жинау және сақтау; өлкетану бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру (қала, кәсіпорындар, мекемелер және т. б. тарихы); облыс кітапханаларына өлкетану қызметіне әдістемелік көмек көрсету; Павлодар облысының атаулы күндер күнтізбесін, мультимедиялық құралдар шығару; өлкетану жұмысы саласында кітапхана қызметкерлерінің, сондай-ақ басқа да меншік нысанындағы кітапханалардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; оқырмандардың әр түрлі жас топтары арасында өлкетану әдебиеттерін насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру; мұражайлармен, қаланың білім беру мекемелерімен, өлкетанушылармен, мәдениет және демалыс мекемелерімен жұмысты үйлестіру; цифрлық технологияларды пайдалану бағытын қолдау және дамыту үшін қосымша қаражат тарту мақсатында ресейлік және шетелдік жобаларға қатысу; цифрлық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша кеңестер, конференциялар мен семинарлар жұмысына қатысу; кітапхана қорында сақтаулы баспа және қолжазба материалдарын цифрлау; алынған көшірмелерді өңдеу сапасын тексеру және өңдеу, ұзақ сақталатын тасығыштарда деректердің мұрағаттық және резервтік көшірмелерін жасау; баспа басылымдарын цифрлау жоспарын қалыптастыру; құқықтық қатынастардың үлгі шарттарын әзірлеу, құжаттардың құқық иеленушілерімен келіссөздер жүргізу; электрондық кітапхананы пайдалану мониторингін жүргізу, электрондық кітапхана ресурстарын жылжыту.
Аталған бағыттар бойынша ақпарат алуға арналған байланыс құралдары төмендегідей

Байланыстар:
тел.: 8(7182) 32-19-27
e-mail: ounbpavlib@yandex.kz

 

Оқу залдары бөлімі

Оқу залдары бөлімі-облыстық кітапхананың ең алғашқы бөлімі, құрылған күннен бастап жұмыс істейді. Әрбір оқу залында әдебиетке еркін қол жеткізуге болады, оқырман оқу залдарының қосалқы қорларынан алдын ала тапсырыссыз және негізгі кітап қоймасынан алдын ала тапсырыс бойынша кітаптарды алуға мүмкіндігі бар.

Қосалқы қорлар - бұл философия, әлеуметтану, дін, саясат, экономика, мемлекет және құқық бойынша ғылыми, анықтамалық, оқу, ғылыми-көпшілік әдебиет; психология, педагогика, тарих, тіл білімі, әдебиеттану, мәдениет, өнер, спорт жөніндегі құжаттар, көркем шығармалар.

Бөлімнің ағартушылық жұмысы адамзаттың зияткерлік және рухани мұрасын игеруге ықпал ететін ақпараттық ортаны қалыптастыруға бағытталған. Салалық оқу залдарында әуесқой бірлестіктер жұмыс істейді.

Байланыстар:
e-mail: okuzaly.ounb@mail.ru

 

Қорды қалыптастыру бөлімі

Құжаттарды толықтыру, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі 1940 жылдан бастап жұмыс істейді және кітапхананың ақпараттық ресурстарын сапалы қалыптастыруға жауапты. Резервтік айырбастау қорына Облыстың мемлекеттік көпшілік кітапханаларынан дублдік және бейінді емес әдебиеттер келіп түседі. Бөлім кітап сату ұйымдары, мемлекеттік тапсырыс, сыйлықтар, қорды есептен шығару арқылы кітапхананың кітап қорын толықтыру процесін реттейді, қосымша жинақтау мақсатымен кітаптарды қайта қарауды жүзеге асырады, «Периодика», «Книги», «Авторефераты», «Детская литература», «Грампластинки» деректер қорының жұмысын жүргізеді.

Бөлім кітапхана қорларын алфавиттік, жүйелі және электронды каталогтар арқылы толық ашуды қамтамасыз етеді, келіп түскен құжаттарды жедел өңдейді және жүйелейді, облыс кітапханаларына әдістемелік көмек көрсетеді.

1994 жылы «АБИС» бағдарламасы арқылы «Книги» ДБ құру бойынша, ал 2001 жылдан бастап «РАБИС» бағдарламасында жұмыс басталды.

2014 ж. каталогтау процесіне RFID-технологияны енгізу бойынша жұмыс басталды. Кітапханаға келіп түскен барлық басылымдар өңдеуден өтеді, RFID-белгілермен таңбаланады, СК-да библиографиялық сипаттамаға «байланады». Қазіргі уақытта кітапхана бөлімдерінің кітап қорлары таңбаланып, кітапты рұқсатсыз шығарудан қорғалған.

Байланыстар:
тел.: 8 (7182) 32-75-31
e-mail: fondpavlib@yandex.kz  

 

Кітапханаларды дамыту бөлімі

Кітапханаларды дамыту бөлімі (1955) - облыс кітапханаларына арналған үйлестіру және әдістемелік орталық қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше. Бөлім Облыстың кітапхана ісін дамытудың перспективалық және қысқа мерзімді бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, облыстағы кітапхана саясатын қалыптастыруға және дамытуға қатысады. Бөлім - «Ауыл кітапханасы 2004 - 2006 жж.» облыстық бағдарламасын әзірлеуші, іске асыру барысында облыс кітапханаларын компьютерлендіру және модельді ауылдық кітапханаларды құру басталды. Кітапхана кадрларының біліктілігін арттыру мақсатында «Professional» және «Школа профессионального мастерства» бағдарламалары, «Библиокеруен», «День ЦБС области в ОУНБ им. С. Торайгырова» жобалары жүзеге асырылуда. «Нұр Отан» партиясының бастамашылық жобасы аясында кітапханаларды заманауи білім орталықтарына қайта құру және кітапханалар базасында коворкинг-орталықтарды ашу бойынша жұмыстар жүргізуде. Павлодар облысының Бірыңғай онлайн-кітапханасын құру жобасын іске асыруға қатысады.

Бөлім жанынан 2016 жылы облыстық кітапхананың кітапхана ісі тарихы мұражайы құрылды. Мұражай міндеттерінің бірі кітапхананың қалыптасу тарихы бойынша мұрағат құжаттары мен коллекцияларының бірегей қорын сақтау болып табылады. Мұражай қорында кітапханашылардың естеліктері, құрмет грамоталары, куәліктері, Құрмет кітабы, қабырға газеттері, мерейтойларға байланысты кітапханаға сыйлықтар, сондай-ақ кітапхана құжаттары: жоспарлар, есептер, хат алмасулар. Облыс кітапханаларының қызметі туралы құжаттар, басылымдар, кино-фото-фоно-құжаттар, кітапхана қызметкерлерінің жеке мұрағаттарының материалдары, телефон аппараттары, жазу машинасы, ағаш шоттар, калькуляторлар мен арифмометрлер, қаламсаптар және т. б. ұсынылған.

Мұражай коллекциясын облыс кітапханаларының тарихынан экспонаттармен және мұрағаттық құжаттармен толықтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Байланыстар:
тел.: 8 (7182) 32-44-97
e-mail: metodpavlib@yandex.kz 


Кітапхана үрдістерін автоматтандыру 

Кітапхана процесстерін автоматтандыру және өлкетанулық құжаттарды цифрландыру бөлімі (2001) - кітапхана процесстерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін кітапхананың құрылымдық бөлімшесі. Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: автоматтандыру және ақпараттандыру, облыс кітапханаларының жиынтық электронды каталог құру және қолданыстағыларын дамыту, толықмәтінді ДБ құру, облыстық кітапхананың сайттарын құру және дамыту, өзінің мультимедиялық өнімдерін құру, интернет қашықтағы желілік ресурстарына қол жеткізу, облыс кітапханашыларын IT-технологияларға оқыту. Кітапхананың компьютерлік паркіне, сервер жұмысына қызмет көрсетеді.

8 желілік жобаның модераторы: Ресми сайт, Павлодар Ертіс өңірінің әдеби картасы, Павлодар – Қазақстанның индустриалды жүрегі, «Сұлтанмахмұт Торайғыров» виртуалды энциклопедиясы, «Павлодар Ертіс өңірінің заманауи авторлары» QR-кітапханасы, «Есімдер шоқжұлдызы: Павлодар облысының мәдениеті мен өнері», ресейлік - қазақстандық жоба «Шекарадағы кездесулер», «E-kitap.kz» бірыңғай онлайн-кітапханасы» ақпараттық Интернет-порталы.

Автоматтандыру бөлімі ОӘҒК тренинг-орталығының жұмысына белсенді қатысады, кітапханашыларға жаңа ақпараттық технологияларды үйретеді. Облыс ОКЖ-ға технологиялық консалтингті жүзеге асырады. Кеңес беру жұмыстары жүргізілуде, жаңа ақпараттық технологияларды жұмыс тәжірибесіне енгізу мәселелері бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетіледі.

Байланыстар:
тел.: 8(7182) 32-19-27
e-mail: pavlodarounb@gmail.com

 

Балалар әдебиеті бөлімі

Балалар әдебиеті бөлімі - 3 облыстық кітапханаларды біріктіру нәтижесінде құрылған облыстық кітапхананың құрылымдық бөлімшесі, облыстық балалар кітапханасынан мұра алған өз тарихы бар. Облыстық балалар кітапханасы 1959 жылы ашылған, сол кезде облыстық атқару комитетінің шешімімен оған қазақ ақыны және жерлесіміз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімі берілді. 35 жыл бойы, 1961 жылдан 1996 жылға дейін балалар кітапханасы Куйбышев 77 (Қазіргі Торайғыров көшесі) көшесіндегі тұрғын үйде болды.

1996 жылы Балалар әдебиеті бөлімі Луначарский көшесі 9/2 - XIX ғасырдың сәулет ескерткіші болып табылатын ғимарат - көпес Тумашевтің бұрынғы үйінде орын алды. Бөлім құрылымында-балалар шығармашылығы секторы, балаларға арналған абонемент және орта және үлкен жастағы оқушыларға арналған абонемент, оқу залы.

100 мыңға жуық кітап пен 90-нан астам мерзімді басылымдардың қорын 4500 жас оқырман, сондай-ақ олардың ата-аналары, мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, Ахметов атындағы педколледж оқушылары пайдаланады.

Әлеуметтік жобалар іске асырылуда: «От сердца к сердцу» (балалар ауруханаларында стационарлық емделіп жатқан балаларға бару), «Книжное дерево моей семьи», «Говорящая книга: читают дети», (Халық радиосымен бірлесіп), «Путешествие Синего чемоданчика по Павлодару», «Этнокультурные тропинки Прииртышья», «Чтобы мир был добрее» («Самал» РО бірлесіп), «Корзинка радости» қайырымдылық акциясы, «Библиоквартарники», «Зерде» клубтары, «Алдара-косе шеберханасы» шығармашылық бұрышы, «Книгочай» әдеби кафесі, «Алақай! Балақай!», балалар коворкинг орталығы.

Көптеген жылдар бойы жыл сайынғы «Неделя детской книги», «BIBLIO-каникулы» жазғы оқу бағдарламалары аясында іс-шаралар өткізіледі.

Байланыстар:
тел.: 8(7182) 61-87-11
e-mail: malish9.2@mail.ru

Негізгі қорларды сақтау бөлімі

Негізгі қорларды сақтау бөлімі - 1947 жылдан бастап кітапхананың құрылымдық бөлімшесі. Қор - бөлім қорындағы 200 мыңнан астам дана кітап электронды каталогта көрсетілген, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдері арқылы беріледі. Қорды насихаттау мақсатында бөлім үнемі кітап көрмелерін ұйымдастырады. Бөлім құрылымында сирек кітаптар залы жұмыс істейді.

Байланыстар:
e-mail: otdhran.ounb@mail.ru

 

Жастар бағдарламаларын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімі

Жастар бағдарламаларын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімі (бейресми атауы «Жастар шығармашылық орталығы») 2022 жылдың ақпанында құрылды. Жаңа бөлімді құрудың мақсаты кітапханаға жастар аудиториясын тарту, жастардың шығармашылық жобаларын құру және іске асыру болды.

Орталық жастарды шығармашылыққа тарту, жас өнер қайраткерлерін, сондай-ақ шығармашылықтың заманауи түрлерімен айналысатын және арнайы білімі жоқ дарынды жастарды қолдау бойынша жәрдем көрсетеді, байқаулар, көрмелер, фестивальдар ұйымдастырады.

Бүгінгі таңда бөлім жастармен келесі жобалар бойынша жұмыс істеуде: болашақ кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Business community»; шығармашылық жастарды қолдауға арналған «ART-STUDIO», жас аудиторияны өнерге баулу үшін іске асырылуда; «Жанды кітапхана» жобасы; әдебиет пен кинематографтың білгірлерін тарту үшін құрылған «Book+Cinema» клубы; «Айна» галереясы суретшілердің, фотосуретшілердің көрмелерін өткізеді, жаңа есімдермен таныстырады.
Алғаш рет PavlodART-2022 3 күндік бейнелеу өнері фестивалін ұйымдастырылды.

Бөлім қызметкерлері өз жобаларымен аудандарға барып, жастармен кездесу өткізеді. Бөлім «Кітапхана түні», «Kitap-time» жалпы кітапханалық имидждік іс-шараларға, халықаралық кітап күніне белсенді қатысады және жастарға арналған шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырады.

Байланыс:
e-mail: maraltaj74@mail.ru

 

С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың кітапхана ісі тарихы мұражайы

С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кiтапхананың кiтапхана iсi тарихы мұражайы - кiтапханаларды дамыту бөлiмiнiң құрылымдық бөлiмшесi.

Музейді құрудың негізгі мақсаты - дәстүрлерді сақтау және дамыту, кітапхананың жағымды имиджін қалыптастыру, өңірдегі кітапхана және кітапхана ісі тарихын зерттеу және насихаттау.

Мұражайдың негізгі экспонаттары - ОӘҒК құжаттары мен материалдары.

Келушілер 1980 жылғы «Зенит» фотоаппаратын көре алады: 1965 жылғы «Быстрица-2» арифмометр-калькуляторын; «Аврора-215» киноға түсіру аппараты 1978 ж.; «ТА-68» телефон аппараты 1985 ж.; 1897 ж. Сымды дискілік телефонын; Сымды түймелі телефон; «Волна-3» кинопроекторы; 1969 ж. «Луч-2» кинопроекторы; Винил пластинкаларын ойнатқыш; «Феликс» есептеу машинкасы 1929-1978 жж.; Электрондық есептеу машинкасы 80-жылдар; Электроника МКШ-2 микрокалькуляторы 1980 ж.; Электр үстел желдеткіші «ВЭ-1» 1963 ж.; Неміс баспа машинкасы «Optima» 1951 ж.; «SONY» видиомагнитофоны; Селекторлық байланыстың телефон аппараты; Күнтізбе үстел ұстаушысы; 1981 жылғы «Электроника - 4» сағаты; Медео -201 радиоқабылдағышы 1983 ж.; «Grundig Stenorette SL» орауыш магнитофоны; «Xerox 6003» баспа машинкасы; Есепшоттар, қаламсаптар, штемпельдер және т.б. кітапхана жұмысында әр уақытта пайдаланылды.

Бірегей құжаттар: Семей облысы Әскери Губернаторының 1-ші гильдия көпесі Артемий Деровты марапаттау туралы хаты, оның қайырымдылыққа тегін оқу бөлмесі бар қалалық көпшілік кітапханасы ашылды; Н.Островский атындағы облыстық біріккен әмбебап ғылыми кітапхананың жарғысы (1985 ж.); Мәдениет қызметкерлерінің екінші облыстық съезінің материалдары (1972 ж. 31 мамыр), облыстық кітапхананың «Сорос Қазақстан» қорымен ынтымақтастығы жөніндегі материалдар; 1976-1980 жж. Павлодар Ертіс маңы кітапханаларын орталықтандыру туралы нормативтік құжаттар, облыстық кітапхана мен облыс кітапханаларының қызметі жөніндегі шешімдер, бұйрықтар, мұрағаттық кино-фоно-фото құжаттар тарихи оқиғаларды зерттеу, құжаттандыру және сақтауды қоса алғанда, әртүрлі мақсаттарда пайдаланылуы, маңызды ақпарат көзі болып табылады, өткенді қалпына келтіруге және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға көмектесуі мүмкін.

Мұражайда сыйға тартушылардың жеке коллекцияларынан алынған қолтаңбалары бар кітаптар, қолжазба материалдары, соның ішінде кітапханашылардың естеліктері, құрмет грамоталары, куәліктер, құрмет кітабы, қабырға газеттері, мерейтойларға байланысты кітапханаға сыйлықтар, сондай-ақ кітапхананың құжаттары: негізгі және қаржылық қызмет бойынша бұйрықтар, жоспарлар, есептер, хат алмасулар сақталған. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлерінің жеке мұрағаттарының материалдары бар.

Мұражай жұмысы туралы толығырақ кітапханаларды дамыту бөлімінен білуге болады. Мұражайдың негізгі бөлігі кітапхананың экскурсиялық жұмысының бір бағыты болып табылады.