«АИТВ - жыныстық тәрбие»

27 наурыз күні облыстық кітапханада «ЗОЖ» клубының отырысы өтті.

Жастар денсаулық орталығының психологтары К.Аипов пен А.Наби Павлодар қаласының түсті металлургия колледжінің студенттеріне «АИТВ – жыныстық тәрбие» атты дәріс оқыды, сондай-ақ «Гигиена және денсаулық» жаттығуларын, психологиялық тренинг өткізді. Аурудың қаупі және оның алдын алу туралы «АИТВ профилактикасы» бейнеролигі көрсетілді.