«Алаштын асыл арыстары» еске алу кеші

31 мамыр күні облыстық кітапхананың қызмткерлері 5512 әскери бөлімінде саясиқуғын- сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Алаштын асыл арыстары» атты еске алу кешін өткізді. Биыл Алаш қозғалысының көсемі, профессор,ғалым, Халел Досмұхамедовтің туғанына 140 жыл, қазақтың бірлігі мен Алаштың азаттығы үшін күрескен танымал тұлға, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толады. Зиялы қауым өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы шолу жасалды және оларға арналған бейне көрініс көрсетіліп, өлеңдері оқылды. Әскери сарбаз ақынның әнін шырқады.

Әскери сарбаздарға ұсынылған «Зұлмат жылдар зардабы» атты кітап көрмесіндегі сол кезеңдегі тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбаны болған қайғылы оқиғалармен танысты.