«Армысың, Әз-Наурыз!» әдеби кеші

19 наурызда облыстық кітапханада технологиялық колледж, №17, №22 жалпы білім беру мектептерінің оқушылары үшін «Армысың, Әз-Наурыз!» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кеш наурыз шашумен басталып, бесікке салу салтын ағылшын тіліндегі мазмұндаумен жалғасты, наурыз туралы өлеңдер оқылып, ән-күйлер орындалды.

Қыдыр атаның батасы, Қожанасыр жасырған жұмбақтары мен ұлттық ойындар қатысушылардың қызығушылықтарын арттырды. Наурызға байланысты әсем безендірілген кітаптар оқырмандардың назарын аударды. Әдеби кеш «Қара жорға» биімен аяқталды.