«Бақытқа қол жеткізу» - психологиялық тренинг

4 қараша күні облыстық кітапханада жастарға адам өміріндегі қуанышты сәттерінен, істеген игі істерден рахаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсінік беру мақсатында «Бақытқа қол жеткізу» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Бұл шараға Павлодар қаласының №2 емханасының психолог маманы Каиржан Алихан Зейноллаұлы қатысып, студенттерге «Бақыт» сөзінің мәнін, рухани адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірдің әр сәтін бағалай алуға тәрбиелеу, оның -құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік бере отырып психологиялық тренинг өткізді. Іс-шараға Павлодар педагогикалық университетінің М.Қанапиянов атындағы Жоғары колледж студенттері қатысты. Қонақтарға «Бақыт-әр күннің нұрлы шуағы» атты кітап көрмесі безендірілді және ақиық ақын М.Мақатаевтың поэзиясынан үзінді «Бақыт деген не?» өлеңіне бейнебаян ұсынылды.