Оқитын Павлодар!

20 сәуірде С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында "Оқитын Павлодар" фестивалі аясында ашық есік күні өтті. Балалар үшін "Мейірімді , сиқырлы, кітаптар әлемі" көрмесі ұйымдастырылды, "Ойлан – Жауап бер" викторинасы,  экскурсия  "Сәлеметсіз бе, кітапхана!».

Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған "Кішкентай оқырман мектебі"балалар жобасының тұсаукесері өтті. Жобаның мақсаты: әр түрлі қызмет түрлеріне қосу арқылы балалардың танымдық белсенділігін, кітапқа және көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын дамыту үшін жағдай жасау. Жобаға қатысушылар 5-7 жастағы балалар, ата-аналар, кітапханашы. "Біз не білеміз және не істей аламыз?» атты бірінші ойын сабағы өткізілді.