Набережное ауылдық кітапханасының мәдениет және демалыс орталығы

11 сәуірде Павлодар ауданы Набережное ауылының кітапханасында ауылдық кітапхана жанындағы кезекті Коммуникация орталығының ашылуы өтті. Екі мыңға жуық халқы бар Павлодар ауданы Набережное ауылының ауыл тұрғындары үшін бұл қуанышты оқиға тағы да осындай мәдениет және демалыс орталықтарын ашудың маңыздылығы мен өзектілігін атап көрсетеді.

Бүгінгі таңда Павлодар облысы бойынша кітапханалар жанынан 43 Коммуникация орталығы жұмыс істейді. Онда кездесулер, тұсаукесерлер, оқыту тренингтері, семинарлар өткізу үшін жағдайлар жасалған. Басты мақсат - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын өзгерту, сапалы ақпараттық-құқықтық қызметтер көрсету арқылы олардың жаңа зияткерлік қажеттіліктерін дамыту және осылайша ауыл тұрғындарын қазіргі өмір сүру жағдайларына бейімделуіне ықпал ету, оларға еңбек нарығында өз орнын табуға көмектесу.

Набережное ауылының тұрғындары өз әсерлерімен бөлісіп, ауылдың мәдени өміріндегі қолайлы өзгерістер үшін ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, кітапханаға даму мен өркендеу, оқырмандар санының артуын, жаңа шығармашылық жобалардың іске асырылуына тілек білдірді.