КІТАПХАНАҒА ЭКСКУРСИЯ

6 тамызда Павлодар облыстық туберкулезге қарсы балалар санаторийінің демалушылары облыстық кітапханаға экскурсия жасады. Аймағымыздың түкпір-түкпірінен келген балалар болғандықтан, кітапханаға алғаш келуі. Жас жеткіншектер барлық бөлімдерді тамашалап, электронды каталогтан кітапты іздеп, кітапханашының көмегінсіз RFID бағдарламасы бойынша кітапты қалай үйге алып, тапсыратынын көрді.

Халықаралық кітаптар секторында олар американдық бұрыштың қызықты бағдарламалары мен іс-әрекеттері туралы білді. Балаларды сирек кітаптар залы мен QR-кітапхана таң қалдырды. Балалар кітапхана қызметкерлеріне қызықты экскурсия мен жылы қабылдауларына алғыстарын білдіріп, тағы келетіндеріне уәде берді.