Еңбек құқығы. Еңбек саласындағы құқықтық қатынастар

28 қараша күні облыстық кітапханада «Еңбек құқығы. Еңбек саласындағы құқықтық қатынастар» тақырыбында «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ бас еңбек инспекторы А. Қ. Ысқақованың және Павлодар Инновациялық көп салалы колледж студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Оқушылар еңбек шарты, демалыс, зейнетақы төлеу тәртібімен танысты. Студенттерді жастар тәжірибесінің мәселесі қызықтырды. Дәріс Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді.