«Ересек өмірдің құрастырушысы» атты үшкүндік тренинг

12-14 ақпан күндері аралығында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Ересек өмірдің құрастырушысы» тақырыбында студенттерге арналған   бірегей тренинг өтті. Тренинг жетекшісі – бизнес-коуч, психология ғылымдарының кандидаты Лариса Назырова жоғары курс студенттері үшін кәсіби ортада өзін таныту, мансаптық жоспарды анықтау, көкжиекті кеңейту және алдына мақсат қойып, оған  жету жолдары бойынша топтық коуч-сессияларын өткізді. Тренинг қонақтары: кәсіпкер, АҚШ бағдарламасының түлегі Арман Сұлтанбек, «Асыл ана kz» қоғамдық қорының төрағасы Айтым Құсайынов. Қонақтар кәсіпкерлікті дамыту және кәсіпкерлік бастаулары туралы тәжірибелерімен бөлісті. Нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар табысталды.