«Ертегі әлеміне саяхат» ойын викторинасы

4 қаңтар күні С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Ертегі әлеміне саяхат» атты  ойын-викторинасы өтті. Павлодар қалалық № 41 ЖОББМ 5 «В», 5 «Д» сынып оқушылары халық ертегілері мен ертегі кейіпкерлері туралы  білімдерін сынға салды. Балалар «Қысқы қиялдар» кітап көрмесінде ұсынылған ертегілер туралы әңгімеледі. «Аққаланы құрастыру» командалық ойынына белсене қатысты. Содан соң көгілдір экран арқылы  Г.Х. Андерсеннің «Қар ханшайымы» ертегісінен үзінді тамашалады.