«ИНФОРМАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ» АТТЫ КӘСІБИ САҒАТ

16 қазан күні облыстық кітапханада Павлодар Техника-экономикалық колледжінің студенттері үшін «Информационные технологии» атты кәсіби сағат өткізілді. Инновациялық Еуразия Университетінің ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары А.Ж. Асайнова және Г.К. Мықтыбаева IТ форумдар, оқыту жағдайы жөнінде, сонымен қатар ғылыми зерттеулер, көрмелер, шеберлік кластары өткізілетін IТ-мамандарын даярлаудың аймақтық орталығы туралы ақпараттарымен бөлісті.

Кітапхана қызметкерлері «Информационные технологии» атты кітап көрмесін және библиографиялық шолу ұйымдастырып, кітапхана бойынша экскурсия жүргізді.