«Тарихымыздағы үш нышан белгісі» ақпараттық сағаты

С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Тарихымыздағы үш нышан белгісі» атты ақпараттық сағаты өтті. Оқырмандар үшін «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты әңгіме өткізілді. Балалар бейнероликтерді тамашалады, олар Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері қашан және кім жасалғанын білді. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы сұрақтарға жауап бере отырып, «Білім аукционы» ойынында бақ сынасты. Көрменің материалдары біздің еліміздің  өткен тарихи жолын көрсетеді, ал мемлекеттік рәміздер бүкіл ел халықтарының бірлігін бейнелейді.