«Әйгілі отбасылар өмірінен - Қ.Сәтбаев»

Желтоқсанның 7-сі күні «Ұрпақтар диалогы» жобасы аясында С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері №11 орта мектепте «Әйгілі отбасылар өмірінен» қызықты хабар сағатын өткізді.

7 «Г» сынып оқушылары белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың отбасының тарихымен, жары мен қыздары - Ханиса, Шәмшиябану, Мейіздің өмірбаянымен танысты. Содан соң кітапханашылар Қ.Сәтбаевтың ғылыми жетістіктеріне, Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесіне тоқталды. Облыстық кітапхана қорындағы кітаптарға да шолу жасалды.

Шара соңында оқушылар «Геологтар» танымдық ойынына қатысты.