Квиллинг техникасындағы «Волшебные цветы» шеберлік-сыныбы

3 қараша күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің балалар шығармашылығы секторында квиллинг техникасында «Волшебные цветы» атты шеберлік-сыныбы өткізілді. Сабақтың мақсаты: балалардың сәндік-қолданбалы өнердің жаңа түрі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сектор жетекшісі Д. Рахимжанова балаларды қағаздың ұзын және жіңішке жолақтарын спиральға айналдыра білуге, олардың пішінін өзгертіп, алынған бөлшектерден көлемді немесе жазық композицияларды құрай білуге негізделген квиллинг техникасымен таныстырды. Әр түрлі формалардың көмегімен балалар өз композицияларын құрастырды, және сабақ соңында олардан шағын-көрме ұйымдастырылды.