КІТАПХАНА ТҮНІ - 2018

25 қазан күні облыстық кітапхана есігі қонақтарға кешке дейін айқара ашық болды. Үшінші мәрте өтіп жатқан «Кітапхана түні» мәдени-әлеуметтік іс-шарасы осы жылы «Кітаптар сиқыры – Магия книг» тақырыбында өтті.

Кітапхана түнінің қонақтары әртүрлі тақырыптық алаңдарды тамашалады. С. Торайғыровтың 125-жылдығына арналған «Звезда по имени Султанмахмут» жинағының тұсауы кесіліп, көрсем сөз және бейнелеу өнері байқауының қорытындысы жарияланды. Рок-музыка жанрының тыңдармандары DVS тобының өнеріне баға берді. ICE FESTIVAL крио-шоуы бүкіл жиналған қауымның таңданысын тудырды. Спорт сүйер қауым, ұлттық ойынды жаңғыртып, асық ойынын жарыса ойнаумен болды. «Үрей үңгіріне» кіруге ниет білдірушілердің қарасында шек болмады. Шахмат ойынының халықаралық шебері Р.Кайырбеков шахмат сүйер жастарды жинаған болса, ал QR-квест қатысушылары кодтарды іздеп, С. Торайғыров шығармасының үзіндісін жинаумен болды. «Вояж» студиясының И.С.Тургенев шығармасының негізінде орындаған спектаклі көрермендердің көңілінен шықты. «Вернисаж» сән театрының ұлттық костюмдер көрсетілімі әдеттегідей сұранысқа ие болды. Әдеби косплей үлкен қызығушылық тудырған болса, әдеби караоке поэзия табынушылары қауымын жинады. Би алаңында қазақ, кәріс, өзбек халық билерінен шашу шашылды. Астролог пен нумерологтың кеңестерін және мүсінші М.Абылкасимовтан мезеттік портрет алам деушілер де көп болды. Жапон, кәріс және қытай мәдениетінің алаңындағы каллиграфия мен оригами бойынша шеберлік сыныптары көптілікті қызықтырды. Шеберлер скрапбукинг, топиарий, ашық хат-аппликациялар дайындау техникасының қыр-сырларымен бөлісті. Авторлық өлеңдер өз тыңдармандарын тапты. Аквагрим жасауға ниет білдірушілер арасында үлкен кезек құрылды. Кеш барысы бойы сайқымазақ адамдардың көңіл-күйін көтерумен болды. Кинозалда фильмдер көрсетілімі болып жатты. Кітаптық инсталляция, графикалық жұмыстар, кітаптар, гүлдер, қолөнер көрмесі кешке ерекше сән беріп тұрды.
Кітапханаға бұл түні келген адамдардың барлығы ерекше көңіл-күй мен әсер алды.