Кітапхана қызметкерлеріне арналған кәсіби сағат

29 қараша күні облыстық кітапханада кітапхана қызметкерлері арасында Елбасымыз Н.А.Назарбаетың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласындағы тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған, алдағы уақытта жүзеге асырылуға ұсынылған жобаларын, мақаланы талқылау мақсатымен кәсіби сағат өткізілді.

Ұжыммен мақала бағыттары қарастырылды, кітапхана жұмысын жоспарлау әдістері, осы тарихи құжатты іске асыруға бағытталған іс-шараларды өткізу ұсынылды.