КІТАПХАНАДАҒЫ «ҚАРТ АДАМДАР КҮНІ»

Облыстық кітапханада «Қарт адамдар күні» мерекесінің қарсанында кітапхана ісінің майталмандарына арналған «Мудрой осени счастливые мгновенья» атты әдеби-музыкалық кеш болып өтті. Бұл күнде кітапханашылар ардагерлерге көпжылдық ерең еңбегі үшін, олардың  даналығы мен кеңжүректілігі үшін  алғыс сөздерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Кітапхана қонақтарына арнап мерекелік дастархан жайылды.