«Кәсіптік - техникалық білім беруге көмекке» ақпараттық сағаты

3 маусым күні облыстық кітапханада Павлодар техникалық сервис колледжінің «Токарь ісі және металл өңдеу», «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша «Кәсіптік - техникалық білім беруге көмекке» ақпараттық сағаты өтті. Кітапхана қызметкерлері кітапхана бойынша экскурсия жүргізді, кітапхананың ақпараттық ресурстарын пайдалану ережелері бойынша кітапханалық сабақ, мамандық бойынша әдебиеттердіге шолу өткізіп, «Ғалым-геолог Қ.И. Сәтбаев» көрмесін таныстырды.