«Көктемгі уақытта бөлме өсімдіктерін күту ерекшеліктері»

16 сәуір күні облыстық кітапханада «Фиалочка» гүл өсірушілер клубының отырысы өтті.

Іс-шара барысында көктемгі уақытта бөлме өсімдіктері үшін қолайлы жағдай жасау мен дайындау тақырыбы талқыланды. Қатысушылар назарына әуесқой гүл өсірушілер клубының мүшелері Е.В.Асеева, Р.М.Попова шегіргүлдердің «Фантазиялық сұрыптарын» өсіру агротехникасы бойынша шеберлік сыныбын өткізді, мысал ретінде үйдегі топтамаларынан ресейлік селекцияның жаңалықтары «Лонг – Фалия», «Новый день», РТ «Розито», КО «Петушок-Золотой Гребешок», «Папина дочка», миниатюралық сұрыптардан украиналық селекция жаңалығы «Сесси Систер» таныстырылды. Кітапхана қызметкерлері «Көктемгі гүл шоғы» атты тақырыптық жаңа әдебиеттер көрмесін таныстырды.