«Жол және қауіпсіздік» дәрісі

26 қаңтар күні облыстық кітапханада техникалық қызмет көрсету колледжінің оқушылармен жол инспекторлары Н.С. Бейсенбеков және А.Н. Отарбаев кездесу өткізді. Жол қауіпсіздігін насихаттау инспекторы оқушыларға жол бойында өзін қалай дұрыс ұстау керектігін айтып, велоспорт, ролик тебу, мотороллермен жүру ережелерін түсіндірді. Жолдан өту кезінде музыкасы бар құлаққап пен ұялы телефонды пайдалануға жол берілмейтіндігін ерекше атап айтты. Балалардың жолда жүру ережелерін, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам белгілерін, жол диспетчерінің сигналдарын еске алды.

Жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы теориялық бөлімді тыңдағаннан кейін оқушылар практикалық дағдыларын қалыптастыра бастады. Оқушылар жол диспетчерінің қимылдарын көрсетті, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің жолдағы әрекеттері туралы әңгімеледі. Мұндай профилактикалық іс-шаралар оқушылардың жол қауіпсіздігін мүмкіндігінше көп есте сақтауына бағытталған.