«Алтын тостағанды іздеу» атты әдеби шолу

17 ақпан күні облыстық кітапханасының қызметкерлері №1 арнайы мектеп-интернатының оқушыларына «Алтын тостағанды іздеу» атты әдеби шолу өткізді. Кітапханашылар жас оқырмандарды Зира Наурызбаева мен Лиля Калаустың «Алтын тостағанды іздеу: Бату мен оның достарының бастан кешкендері» кітабымен таныстырды. Бұл фэнтези жанрында жазылған шығармада Бату атты бала мен оның достарының шытырман оқиғалары негізінде, қазақ ертегі-аңыз кейіпкерлері мен тарихи деректер тәуелсіздік кезеңінің бүгінгі шындығымен байланыстырыла суреттелген. Іс-шара барысында оқушылар қызықты тапсырмаларды орындап, қазақ мифологиясының сюжеттерімен, қазақ халқының мәдени дәстүрлерімен және оның тарихымен танысты.