«Халық достығы – әдебиет достығы» атты әдеби кеш

1 наурыз Алғыс айту күніне орай С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Павлодар облыстық «Возрождение» немістер қоғамық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырған «Халық достығы-әдебиет достығы» әдеби кеші өтті. Бұл мереке - 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесі.

 Аталған іс-шараға келген қонақтар «Nette Frauen» вокалдық ұжымының орындауында Қазақ, неміс әндері мен Қазақстан туралы өлеңдерін қызығушылықпен тыңдады. Сонымен қатар кеште Виктор Дирксеннің гитарамен орындаған жеке әндерін және Елена Вайберттің шығармаларын тамашалады. Кеш барысында «Немістерді Қазақстанға депортациялау» бейнебаяны көрсетілді.