«МЕН ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОҚУ-ТРЕНИНГ

25 қыркүйек күні облыстық кітапханада ПМПУ колледжінің студенттеріне арналған «Айтолқын» дәрісханасының шеңберінде «Мен және салауатты өмір салты» атты логика-психологиялық нақыштағы ойынның негізінде оқу-тренинг болып өтті. Аталмыш іс-шара №2 емхананың медицина қызметкерлері: психолог Ф.Б. Айдарханова мен салауатты өмір салты бойынша дәрігер А.Ж. Абылкаеваның атсалысуымен өткізілді.

Шара барысында әртүрлі ойындар мен тестілеулер өткізілді. Оқушылар психо-эмоционалды денсаулық туралы, ішкі жан дүниесінің психологиялық жағдайын бақылау жөнінде ақпарат алып, кітап көрмесіне шолуды тыңдап өтті.