«ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КӨНІЛ - КҮЙ»

 

 

 

28 желтоқсанда С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында "Жаңа жылдық көңіл күй" атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке әр түрлі ертегілердің кейіпкерлері келді. Шараға, мыстан кемпір, қоян, сұр қасқыр және тағы басқа кейіпкерлер қатысты. Көңілді шараға Аяз ата мен Ақшақар келіп, балаларға сый-сияпаттар табыс етті. Кішкентай қатысушылар ән айтып, жаңа жылға арналған өлеңдер оқып, жаңа жылдық мерекелік шараға белсене қатысты.