«Нравственные уроки» әдеби қонақжайы

 «Нравственные уроки» әдеби қонақжайы 22 қаңтар күні балалар әдебиеті бөлімінде «Зерде» клубының кеңейтілген отырысы өтті.

Қонақжай қонағы - Павлодарлық танымал суретші, жазушы, театр режиссері және педагог А.И.Колодинмен кездесу үшін №9 ЖОБМ және №11 ЖОББМ-нің 3-8 сынып оқушылары әдеби қонақжайға жиналды. Александр Иванович өз туындыларының бейне-слайдтарын көрсетіп, шығармашылығы мен театрлық қойылымдары туралы әңгіме өрбітті. Кітапхана қызметкерлері шебердің кітаптары мен ол туралы мақалалар ұсынылған кітап көрмесіне шолу жасады. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Ю.Серякова, О.Омаров «Сказки для Настенки» кітабы бойынша театрлық қойылым және қазақ тілін үйретуші «Сәлем» кітабы туралы әңгімесін дайындады. Оқушылар өздері шығарған өлеңдерін оқыды. А.Колодин оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, жас оқырмандарға тілек білдірді.