Облыстың кітапхана мамандарының семинары

13 ақпанда 2022 жылдың қорытындысы және 2023 жылға арналған жоспарлау жайлы «2022 жылғы Павлодар облысының кітапханалары: жетістіктері мен перспективасы» атты облыстың кітапхана мамандарының семинары өтті. «2022 жылы Павлодар облысының кітапханаларын трансформациялау» туралы Кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы А.А.Жылқыбекова, облыс ОКЖ-нің табысты кітапханалық жобалары туралы әдіскер М.Ж. Исакаева айтып берді. Ертіс ауданы кітапханаларының өлкетану бойынша жұмыс тәжірибесі жайлы ОКЖ директоры А.Ж. Баязова айтты. «Ауылдық кітапханалар жұмысының жаңа форматы. Коммуникация орталықтары» тақырыпта Тереңкөл ауданы ОКЖ директоры З.С.Қаббасова ауданның ауылдық кітапханалары жанынан коммуникация орталықтарын ашу тәжірибесімен бөлісті. «Оқуға құштар өңір - 2022» облыстық байқауының қорытындысы шығарылып, қазылар алқасы бірауыздан Железин ауданы ОКЖ –ң «Ұрпақтар кітабы ағашы» жобасын таңдады.

Семинарға облыстық ОКЖ директорлары мен әдіскерлері, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана бөлімдерінің басшылары қатысты.